Оқулық 10-сынып 1-бөлім Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А. М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова Алматы, 2019



Pdf көрінісі
бет72/186
Дата25.01.2022
өлшемі3,92 Mb.
#129800
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   186
Байланысты:
10-сынып 1-бөлім Оқулық Кәсіпкерлік және бизнес негіздері 1-2 тоқсан kz-lite (3) (1) (1)

Вайнерлер деген кім?
Вайндар 
— бұл қыс-
қа сюжетті ролик-
тер 
(ағыл шынның 
«Vine»  — бұлай ата-
луы мұндай фор-
мат 
тағы видео бі-
рін 
ші рет пайда 
бол ған  бағдарлама 
атымен байланыс-
ты).  Вайн да ғы  қан дай 
да бір сюжет қызықты, 
кө ңілді  жә не  көкейтесті 
мә селе ні  көтереді.  Вайн-
дар —  бұл  айна ла да ғы  құбы-
лыс тарға қа тысты жылдам реак-
ция білдіру.
1-тапсырма
Вайнерлерді  көрермендердің/тұ тыну шының 
нақты  қандай  сұранысын  қа на ғат тан ды ратынын 
ойлаңыз. О лар дың (вайндардың) өнімдерін тұ-
тыну шы қолданудың мәні неде?
Вайнерлер
 (вайн құрушылар) — 25 жасқа дейін-
гі адамдар. Тиісінше вайндардың мақсатты ауди-
ториясы жасөспірімдер мен студенттер.
2-тапсырма
Неге вайнерлер 25 жасқа дейінгі жастар? Биз нес-
тің ерекшелігі вайнер лер дің жасына байланысты 
ма?
3-тапсырма
Неге жоғары сынып оқушы ла ры мен студенттер 
вайндардың мақсатты аудиториясы болып отыр? 
Вайндардың қандай нақты ерек шеліктері осы 
мақсатты аудиторияны баурап алды?
Біз 
дің оқиғамыздың басты кейіпкерлері  — 
дос 
тарымыз бен студенттер Арман Жүсіпов, 
50
1
-бөлім. 
Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік


Әдина Топашева, Карина Өксікпаева мен Расұл 
Абдул  лаев — студенттік достар вайн-роликтерін 
2015 жылдың сәуір айынан бас тап түсіре баста-
ды. Өздері нің қысқа 15 секундтық вайндарын In-
stagram әлеу мет тік желісіне сала бас тады, сол 
сәттен ақ танымалдылыққа ие бола бас тады, ар-
налар әлі де аз болатын, тұ тыну шылар жаңа да 
қызықты аккаунттарға қуана жазылды. Жастар 
кез келген себеппен роликтер түсірді, бұл тіпті 
жауған жаңбыр болуы да мүм кін. Ролик терді ұялы 
телефонға қатысушы лар дың өздері түсірді, сон-
дық тан түсіру құны нөлге тең болды (вайнер лер-
дің өткізген уақытты есептемегенде).
Yuframe аккаунтына жазылушылар көбейе ба-
стады, бірақ нағыз серпіліс олар Eldana_foureyes 
(Елдана Сатыбалдиевамен) — Қырғызстаннан та-
нымал вайнермен бірлескен вайнды түсіргенде 
орын алды. Содан кейін командаға Вайн 
да-
ғы негізгі рөлдерді балалармен тең орындаған 
Әдина Топашева қосылды. Адина жобадан 1,5 
жыл өткеннен кейін, 2017 жылы өз еркімен кет-
ті. 2018 жылдың көктемінде жобаның төр тін ші 
қатысушысы актриса Айым Сейтметова болды.
4-тапсырма
Yuframe жетістігі неліктен Елдана Сатыбалдие-
вамен бірлескен жобасынан бастау алды? Қа зір гі 
әлеу мет тік  желі лер дің  қандай  заңы  мұндай 
ықпалды мүм кін ете алады?
Аккаунтта 100 000 жазылушы болғанда, тізбек-
ті реакция басталды, ал Yuframe-ге күніне 20 000 
жаңа жазылушы жазыла бастады. Енді о лар дың 
Instagram аккаунтында әлем нің 3,3 миллион ада-
мы бар — бұл Қазақстан да ғы ең ірі аккаунттардың 
бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет