Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет114/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Далалықтар еркіндігі. Далалықтар әрдайым өзін еркін ұстады. Олардың өз руластарынан құл ұстауына далалық әдет заңы бойынша тыйым салынды. Жатжерліктердің қол астындағы өз жерлестерін қайтарып алған жағдайда, баласы ретінде асырап алып, әулеттік шежіресіне қосқан. Олардың жеке басына бостандық беріп, үйлендіріп, өз алдына отау етіп бөлек шығарған.

Еркіндікті, бас бостандығын жоғалтудан қауіптенген қазақ халқы ұзақ жылдар бойы отырықшы өмір салтына көшпеген. Сондықтан олардың арасынан шаруалар мен тоғышарлар, казактар және саудагерлер қатарына қосылғандар өте аз болды. Отырықшы тұрғындардың дәстүрін қабылдамау олардың бас бостандығы мен еркіндікті қастер тұтып, бәрінен де жоғары бағалайтын ержүрек халық екенін танытты.

  1. Дәулеттілікке ұмтылу. Жеке бас еркіндігі, шұрайлы жайылымдардың мол болуы, дәулетті адамдарды құрметтеу далалықтардың байлыққа деген ұмтылысын қалыптастырды. Үлкендер жастарға ақыл мен бата бергенде, оларға «бақ-дәулет пен бақыт» тілеген.

Еуропалық және ресейлік бірқатар зерттеушілер XIX ғасырға дейін дала тұрғындары түгелдей дерлік дәулетті болғаны жайлы қызықты деректер келтіреді. Қазақ халқы дәулетті ғұмыр кешкен.
Байлық мыңдаған мал басымен есептелінген. Бірақ байлық басты мақсат емес, ол әрбір дала тұрғыны өмір сүруі мен еркіндігінің кепілі саналған. Мал санының көп болуы олардың мұқтажсыз өмірі мен ұлдарын үйлендіргенде қалыңмал үшін қажет еді. Байлықтың арқасында олар ата-баба аруағына бағыштап салтанатты ас берді, кез келген адамды жатжерліктер болса да ақы алмай қонақ етіп күтті. Қазақ әдебиетінің белгілі зерттеушісі, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Абылай хан заманында әрбір екінші қазақтың дәулетті, бай болғандығын» жазады. Бұл деректі Орта жүз қазақтары туралы жазған жазбаларында Шоқан Уәлиханов растайды: «Сібір қырғыздары (қазақтары) сыртқы округтік приказдар құрылғанға дейін өте дәулетті де бай болған, бұған еш күмән келтіруге болмайды».



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет