Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет117/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Далалықтардың уәдеге беріктігі. Далалықтар сөз қадірін түсінетін, тілдің майын тамызып шешен сөйлейтін адамдарды құрмет тұтқан. Қазақ тілін зерттеген көрнекті шығыстанушы-түрколог ғалым В. Радлов: «Қарапайым қазақтар да сұлтан мен кінәздардай әдемі де жатық, шешен сөйлейді», - деп жазды. Бұл жайлы дала өлкесіне жер аударған поляктың белгілі зерттеушісі Б. Залесский де: «Қазақтар өте шешен келеді, олар бұл қасиетті жақсы тәрбие мен тектіліктің белгісі санайды», - деген пікір білдірді.

Дала тұрғындары берген уәдесіне әрдайым берік болған. Бұған қатысты қазақтар: «Айтылған сөз - атылған оқ», «Берген уәдесінде тұрған нағыз жігіт» деген. Қазақ халқының уәдеге беріктігі жайлы қытай, орыс және еуропа саяхатшылары таңғала жазады. Олар өз жазбаларында далалықтардың мемлекеттік салықтарды төлеу үшін өсімқордан қарызға ақша алғанда, уақыты келісімен қарызын ешқандай қолхат алмай-ақ қайтарып беретіні туралы айтып кетеді.

  1. Далалықтардың мінез-құлқы. Қазақ халқы өте мейірімді де қайырымды келеді. Еркіндігі мен бас бостандығының болуы, материалдық тұрғыдан жеткілікті қамтамасыз етілгендігі, көшпелі және жартылай көшпелі тұрмысқа негізделген әдет-ғұрып, өзіндік наным-сенім ұстанымы, ғасырлар бойы адамгершілік пен ізгілік ұғымымен біте қайнасып кеткен ұлттық дәстүрлері қазақ халқын ақкөңіл де кең пейілді, ақжарқын етіп қалыптастырды.

Қазақстанның оңтүстік өлкесінде болған белгілі француз саяхатшысы Ш. Е. Ужвальд де Мезе-Ковезд былай деп жазды: «Адамгершілік қасиеті жағынан қырғыздар (қазақтар) ақжарқын, аңқылдақ та ашық, көңілді, адал және өте қонақжай келеді».
Жоғарыда аты аталып кеткен орыс зерттеушісі С. Броневский де былай дейді: «Қазақтар ағайын-туысқандарына өте қайырымды келеді, олар қолында барымен бөліседі, бір-біріне мейірімділік танытып, көмегін аямайды. Қонақты шақырылған және шақырылмаған деп бөлмейді. Үйіне келген кез келген адамды тамақтандырып жіберуді өздерінің міндеті санайды».
Американ дипломаты әрі саяхатшысы Скайлер Юджин бұл айтылғандарды былай деп толықтыра түседі: «Қазақты біле келе, оларды сүймеу, тіпті сыйламау мүмкін емес. Орта Азияда болғандардың бәрінің ойы «қазақтар өзге тайпалардың бәрінен артық» деген ортақ пікірге келіп табан тірейді...»
Қорыта айтқанда, XVIII, XIX және XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамының өмірі жан-жақты ашып көрсетілді деп айта алмаймыз. Дегенмен ресейлік және еуропалық ғалымдардың бұл деректері өткен тарихымызды білуге және қазіргімізді тануға көмектеседі. Патша үкіметінің отарлық, кейінгі кеңестік қатаң таптық саясаты көшпелі халықтың бірқатар ұлттық құндылықтары мен мәдени-рухани мұаларының жойылуына дейін жеткізгені анық. Дегенмен небір ауыртпалықты, күрделі замандарда да ұлттық дінімізді, тарихымыз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтап қалдық. Ұлтымызды қайта жаңғыртып, түлету, елімізді «Мәңгілік ел» ету бүгінгі ұрпақтың алдында тұрған үлкен міндет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет