Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуі. 1892 жылы Транссібір теміржолының құрылысы



бет140/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

3. Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуі. 1892 жылы Транссібір теміржолының құрылысы басталды. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті. Мұның өзі қазақтардың иелігіндегі жердің 4,2 миллион десятинасын қосымша тартып алуға жеткізді. Теміржол құрылысы шаруалардың қоныс аударуына неғұрлым ұйымдасқан сипат берді. Шаруалардың теміржол құрылысы аумағына (оның оңтүстігіне қарай 100 шақырым жерге дейін) қоныс аударуына Сібір теміржол комитеті де мүдделі болды.
Қоныс аударушы шаруалар адам тасуға бейімделмеген қолайсыз вагондарда тасып әкелінді. Петропавл және Омбы сияқты қалалардың теміржол торабы бекеттерінде ондаған мың қоныс аударушы шоғырланды. Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерін де сонда өткізді. Азық-түліктің жетіспеушілігі мен дәрігерлік көмектің болмауы салдарынан адамдардың арасында ауру-сырқау көбейді, тіпті өлім-жітім де аз болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар пункттері мен аурухана барактары жедел түрде салына бастады.
1903 жылы «Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарындағы қазыналық жерлерее шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы. Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы Қазақстанның басқа облыстарына да қоныс аударудың ережесі бекітілді.
1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағына қоныс аударушыларды бес аймаққа бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы жүктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аударту басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді.
Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды, кейіннен шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет