Алиева Сабахат Қазақстан тарихы 8 сынып



Дата21.03.2017
өлшемі31,28 Kb.
#12045
түріСабақ
  • С а б а қ т ы ң т а қ ы р ы б ы :
  • 2016 жыл 2 наурыз
  • Қазақстан тарихы 8 - сынып
  • Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға
  • қоныс аударуы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аудару тарихымен таныстырып, қоныс аударудың себептері олардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер мен тұрмыс жағдайын әңгімелеу.
  • Қайырымдылыққа, ұлтжандылыққа,, басқа халықтардың тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
  • Логикалық ойлауды, сөйлеу мәдениетін және өз көзқарасын дәлелдеу үшін фактілерді пайдалану біліктілігін дамыту;
  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сабақтың түрі: : Аралас сабақ
  • Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен
  • жұмыс, түсіндіру, топтастыру
  • Пәнаралық байланыс: өзбек әдебиеті, құқық,
  • қазақ тілі, сызу
  • Сабақ әдісі: шағын лекция, топтық жұмыс,
  • сұрақ-жауап, талдау.
  • Сабақтың көрнекілігі: Интерактивты тақта, компьютер,
  • слайдтар, карта, сызбалар,
  • видеороликлар, буклеттер, стикер. Күтілетін нәтиже: сабақты толық меңгерту.
  • "Шын білім әрдайым ақиқат
  • анық болатын білім"
  • Сынып сүреттер арқылы 2 топқа бөлінеді:
  • " Татулық " " Бірлік "
  • «Білім минуты»
  • әдісі арқылы топтар үй тапсырмасын
  • бір-біріне сұрақ-жауап арқылы пысықтайды
  • Үйге тарсырма: Қазақстандағы 1867-1868
  • және 1886-1891 жылдардағы
  • қабылданған реформалар.
  • 1867-1868 жылғы уақытша ереже бойынша қазақ жерінде
  • неше генерал-губернаторлық құрылды? Картадан көрсет
  • Картамен жұмыс
  • 1886-1891 жылғы уақытша ереже бойынша қазақ жерінде
  • неше генерал-губернаторлық құрылды? Картадан көрсет
  • 02.03.2016 жыл
  • Тақырып:Ұйғырлар мен дүнгендердің
  • Жетісуға қоныс аударуы
  • Шоқанның шын есімі:
  • Елбасының 2016 жылға
  • арналған жолдауы
  • қалай аталды?
  • Бөкей ордасындағы
  • шаруалар көтерілісінің
  • болған уақыты:
  • ҚР Президенттігіне
  • соңғы рет сайлау
  • қашан өткізілді?
  • ҚР «Тіл» және «Білім»
  • туралы заңдары
  • қашан қабылданды
  • Ғажайып алаң
  • Абылайдың хандық
  • билікті басқарған
  • уақыты
  • Екі жүзді саясат
  • ұстанған хан
  • Кіші жүзді Патшалы
  • Ресей құрамына
  • қосқан хан
  • “Қазақтармен жоңғарлар
  • арасындағы Аңырақай
  • шайқасы өтті ”
  • Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі:
  • Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы.
  • Маңызды оқиғалар
  • 1864 жылы
  • Ұйғырлар мен дүнгендер бірігіп, Қытайдың зорлық-
  • зомбылығына қарсы көтеріліп, жеңіске жетеді. Сөйтіп
  • Тараншы ( Құлжа ) сұлтандығы құрылады.
  • Осы сұлтандық Жетісу жеріне қыр көрсете бастайды.
  • Бұл қауіпті жою үшін Жетісу генерал- губернаторы Колпаковский Құлжаға басып кіреді.
  • 1871 жылы
  • Құлжа Жетісудың бір уезі ретінде 1881 жылға дейін бағынышты болды.
  • Патша өкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады.
  • 1881 жылғы екі ел арасында жасалған Петербург келісімі
  • бойынша Ұйғырлар мен дүнгендер қай елдің қол астында болғысы келетіні туралы 1 жыл
  • ішінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды.
  • Бұл шартты пайдаланған ұйғырлар мен
  • дүнгендердің бір бөлігі 1881 жылдан бастап Жетісу
  • жеріне өз еріктерімен қоныс аударды. Себебі қытайлар
  • ұйғырлар мен дүнгендерге қысым жасап, мазаларын кетірді.
  • Дүнгендердің қоныс аударуы 1877 ж желтоқсанда болып,
  • сол жылы Қытай жазалаушыларынан қашқан Бый Янь Ху
  • бастаған 4 мың дүнген Жетісуға келді
  • 1881-1884 жылдары
  • 45 мың ұйғыр,
  • 5 мың дүнген қоныс аударды
  • 1897 жылғы жалпы
  • санақ бойынша
  • ұйғырлар - 56 мың,
  • дүнгендер - 14136 адамға көбейді.
  • 1907 жылы
  • ұйғырлар - 64 мың,
  • дүнгендер - 20 мың
  • Қоныс аударушылар саны:
  • Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен
  • Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша өкіметі екі
  • түрлі мақсат көздеді:
  • Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды.
  • 2. Әскери-саяси жағдай шиеленісіп кеткен жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалану.
  • Ұйғырлар мен дүнгендерге
  • 20-25 десятина жер берілсе
  • Қоныс аударушы орыс
  • шаруаларының әрбір ер азаматына
  • ереже бойынша 10 десятина жер
  • беру керек болатын, бірақ 3 десятинадан
  • ғана жер берілген
  • Ұйғыр, дүнген егіншілеріне
  • қосымша күшті талап ететін
  • қолмен суландырылатын жерлер берілді.
  • Ұйғырлар негізінен көкөніс, дәнді- дақылдар өсірумен айналысты
  • - Мақта, жібек құртын өсіруменде айналысты
  • Суармалы жер шаруашылығын, жер өңдеуді жақсы меңгерген.
  • Қолөнер кәсіпшіліктері де дамыды
  • Мал шаруашылығы қосалқы кәсіп сипатында болды. Малды көлік не жұмыс күші ретінде ұстады
  • Алыпсатарлықты да кәсіп етті. Верныйдан Ташкентке тауар алып барып сатты.
  • Ұйғырлардың шаруашылығы
  • Орыстар ұйғырларды “ Таранчи ” деп атаған.
  • Ол жер жыртушы, диқан деген мағына береді.
  • Атақты бай ұйғыр Вали Ахун Юлдашев болып,
  • оның бір өзі 10 мың десятинаға дейін жерді
  • жалға алатын.
  • В.А.Юлдашев өз қаражатына Ұлыбританиядан
  • алдыртқан кемесін Іле өзеніне алғашқылардың
  • бірі болып жүргізді.
  • Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы толқынын
  • Бый Янь Ху басқарды.
  • Қазіргі Алматы
  • облысында 6 ұйғыр
  • болысы ұйымдастырылды
  • Жаркент
  • Ақкент
  • Қарасу
  • Қорамса
  • Малыбай
  • Ақсу-шарын
  • Дүнгендердің кәсіпшілігі:
  • Кәсібі егіншілік, бау-бақша өсіру, ұсақ-түйек сауда жасау
  • ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап Жетісуда алғашқылардың бірі болып күріш еге бастады.
  • Мал өсіру қосалқы сипат алды.Жүк тасу кәсібімен айналысу үшін жылқы мен өгіз ұстады.
  • Қамыстан ши тоқыды
  • Сынған ыдыстарды құрсаулап жөндеуді кәсіп етті.
  • “.... Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі
  • тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында
  • қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп, оның қарамағына
  • өтуіне де ерік беріледі. Ресейге қоныс аударғысы
  • келетіндер бір жыл ішінде ойланып шешім қабылдауы
  • тиіс...”
  • 1881 жылғы 24 ақпандағы Санкт-Петербург бейбіт келісім шартынан
  • Қазақстан тарихы Халықтар мен мәдениеттер Алматы 2000ж 220 бет
  • Құжаттар сөйлейді:
  • Ұйғырлар
  • Қытайдың батысын, Қазақстан мен Орта Азия аймағын мекендейтін түркі тілдес отырықшы халық
  • Дүнгендер
  • Мұсылман дінін ұстанатын қытай
  • тілдес халық . Тілдері қытай
  • тіліне жақын
  • Дүнгендердің ғажайып ертегілері бар. Ертегілер мен аңыз
  • әңгіме айтушылар “фофуди” деп аталды.
  • Ұйғырлар мен дүнгендердің рухани мәдениетін зерттеумен
  • кезінде Ш.Уәлиханов, Н.М.Пржевальский, В.И. Роборовский
  • және басқалары айналысты. Олар бұл халықтардың тарихы,
  • этнографиясы, мәдениеті жөнінде бай мағлұматтар қалдырды.
  • Ұйғыр ақындарының шығармаларында 1916 жылғы
  • оқиғалар да өз көрінісін тапты. Ол кезде ұйғырлардың
  • да ер азаматтары майдан тылында жұмыс істеу үшін
  • әскер қатарына шақырылған болатын.
  • Ұйғырлар мен дүнгендердің рухани мәдениеті
  • Ауыз әдебиетінің тамаша ескерткіштеріне,
  • дүниежүзілік мәдениет қорына жататын
  • “ Он екі мұқам ” осы халықтың рухани ғажайып
  • төл туындылары. Мусса бен Айса Сайрамидің бұл
  • еңбегі мәңгі есте қаларлық шығарма.Осы кітап
  • 1905 ж Қазақстанда басып шығарылды
  • Бейнеролик
  • Қазақстан - көпұлтты мемлекет
  • ҚР -ң конституциясы 14 бап 2 тармағы
  • Тегіне, әлеуметтік , лауазымдық
  • және мүліктік жағдайына,
  • жынысына нәсіліне, ұлтына,
  • тіліне, дінге көзқарасына,
  • нанымына, тұрғылықты
  • жеріне байланысты ешкімді
  • ешқандай кемсітуге болмайды.”
  • Елдегі биліктің әр бұтағынан да өзге ұлт
  • өкілдерін кездестіруге болады. Конституция
  • бойынша Парламент мәжілісіне 9 депутат
  • Қазақстан Халқы Ассамблеясының
  • атынан сайланады.
  • ҚР -ң конституциясы 51 бап 1 тармағы
  • Тәуелсіздігіміздің 25-ші жылына аттаған еліміздің бүгінгі жетістігі ол бір ғана бірліктің, татулықтың, ынтымақтастықтың арқасында болды. Осы бірлікпен татулықтың арқасында Қазақстанымызды бүкіл
  • дүние жүзі әйгілі халық, әйгілі мемлекет ретінде тән алып,
  • «Шығыстың барыстары» деп жүретін мемлекеттер қатарына
  • қосылдық. Бүгінде елдегі татулықтың берік тірегіне айналған
  • мызғымас институт Қазақстан Халқы Ассамблеясы
  • табысты жұмыс істеп келеді. Тілі басқа болса да тілегі бір,
  • жүзі басқа болса да жүрегі бір жүз отыздан аса ұлт үшін бір ғана мүдде –достық болса, олардың ортақ арманын
  • бір ғана Отан орындайды. Ол Тәуелсіз Қазақстан дея отырып өз сөзімді өлең жолдарымен аяқтаймін:
  • Бір ата бір ананың түлегіміз
  • Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
  • Бірлік барда тірлік бар деген бабам
  • Бірлік деп, бірге соқсын жүрегіміз!
  • Жаңа сөздер:
  • Десятина –(1,09 гек. тең жер көлемі)
  • Тараншы - жер жиртушы, диқан
  • Конституция –(лот.constitutio)-заң,
  • құрылу
  • Ассамблея –(фр. assamblee)-мәжіліс,
  • жиналыс

Тараншы деп ұйғырларды кімдер атады?

  • Дүниежүзілік мәдениет қорына жататын ауыз әдебиетінің тамаша ескерткіші ?
  • Ойлан тап
  • 1881 жылы Патшалы Ресей мен Қытай арасында жасалған келісім қалай аталды?
  • Жаңа сабақты бекіту
  • орыстар
  • Он екі мұқам
  • Петербург

Мына тұлғалар ұйғырлар мен дүнгендер мәдениетін зерттеді ма? Артығын тап.

  • Қ. Сәтпаев,
  • Ш.Уәлиханов,
  • В.В.Радлов,
  • Ә.Марғұлан,
  • В.А.Юлдашев,
  • В.И.Роборовский,
  • Н.М.Пржевальский,
  • Г.Колпаковский
  • Тапқыр болсаң тауып көр

Сәйкестендіру тесті

  • Н.М.Прежевальский
  • Г.Колпаковский
  • Жетісу губернаторы
  • Вали Ахун Юлдашев
  • атақты көпес
  • Бый Янь ху
  • Дүнгендердің
  • басқарушы
  • Мусса бен Айса Сайрами
  • ұйғыр жазушысы
  • Дискуссиялық өрнек
  • р/с
  • Мәтін жолдары
  • Дұрыс
  • Қәте
  • 1
  • Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуына орыс халқының қысым көрсетуі себеп болды.
  • 2
  • Қытай мен Патшалы Ресей арасында жасалған келісім “ Пекин ”келісімі деп аталды.
  • 3
  • Дүнгендерде ертегі мен аңыз айтушылар “ Фофуди ” деп аталды.
  • 4
  • Ұйғырлар егіншілік, бау-бақша өсіруді жақсы меңгерген
  • 5
  • Ұйғыр ақындарының шығармаларында 1916 жылғы оқиғалар да көрініс тапты.
  • 6
  • Ұйғырлар мен дүнгендер христиан дінін ұстанады.

«Кубик лақтыру» ойыны:

  • Бір-біріңді тексер
  • 1.Ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстанның қай аймағына қоныс
  • аударды?
  • Қай жылдан бастап ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстанға
  • қоныс аудара бастады?
  • Алғашқы уақытта қоныс аударған ұйғырлардың саны
  • қанша?
  • Жетісудың қосымша күшті талап ететін қолмен
  • суландырылатын жерлері кімдерге берілді?
  • Ұлыбританиядан Вали Ахун Юлдашев өзінің қаражатына
  • Не алдырды?
  • Қытай мен Патшалы Ресей арасындағы Петербург келісімі
  • Қай жылы болды?
  • 7. Тараншы қандай мағына білдіреді?
  • 8. Қазіргі Алматы облысында қанша ұйғыр болысы
  • ұйымдастырылды?
  • Жетісуда алғаш күрішті еккен кімдер?
  • 10. Ұйғырлар мен дүнгендер қай дінді ұстанды?
  • Кері байланыс
  • Нұрлы-болашақ
  • - Саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындасан жасыл жұлдызды аспан әлеміне іліңдер
  • - Саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болса қызыл түсті жұлдызды таңдаңдар
  • БАҒАЛАУ
  • Оқу түбі - тоқу
  • Үйге тапсырма:
  • §29. Ұйғырлар мен дүнгендердің
  • Жетісуға қоныс аударуы. Мазмұнын оқу
  • «Татулық» топы: тақырыпқа сай реферат
  • жазып келеді
  • «Бірлік»топы: тақырып бойынша он
  • сұрақтық тест құрастыру
  • Қорытындылау
  • Елбасы Н.Назарбаев сөзі:
  • " Қазақстан - мемлекет құрушы ұлт, сондықтан
  • басқа ұлт өкілдері мемлекет құрушы ұлтқа, оның
  • тілі мен мәдениетіне аса бір сыйластықпен
  • қарауы керек."
  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет