7(4). Жетісу суреттері



Дата08.02.2022
өлшемі13,31 Kb.
#123323
Байланысты:
Курмангазинова Сауле ПМНО-43
кундыз апке, кундыз апке, Курмангазинова Сауле ПМНО 43, Курмангазинова Сауле ПМНО-43, Глобальные проблемы человечества

7(4).Жетісу суреттері.
Жетісу суреттері» шығармасын оқығанда Жетісудің көркемдігін көз алдына елестетпейтін жан жоқ шығар шіркін! Белгілі бір сол әлемге тап болғандайсың. Сол бір жинақтың бір бөлімі «тау кескіні», «тау суреті». Тап бір Тарбағатайдың тарихы ма дерсің. Менің ойымша, ақын бұл тау суретін өзі Жетісуға барғанда жазған секілді. Және сол жердің бар байлығын, бар сұлулығын, бар тұрмыс-тіршілігін, бар жан-жануарларын бір өлеңге сидыра білді.Бұл жерде «бірде адам мінеді, бірде тұрмыс суреті» деп бейнеленетін жер өлеңнің мына қатары деп ойлаймын. «Баладай балдырлаған сақау самал Қойнына әжесінің енетіндей»,— деп табиғатты тірі жанға теңеді. Адам мен табиғатты байланыстыру бұл да бір ақынның өнері ме дерсің. Бұл шығармада Жетісу өңірінің жан-жануарға бай екенін аңғарасың. Ақын Жетісуды тамашалағанда уақытың жетпейтіндігін сондай-ақ Жетісуға көзіңнің тоймайтынын қоса айтады.

8(1).


Бейімбет Майлиннің «Кемпірдің ертегісі» (1916ж. қанды оқиғасынан бір сурет) деген поэмасында балаларға үлкен саяси маңызы бар тарихи мәселені өте қызықты да көркем етіп баяндаған. Мұғалім бала жүріп бала психологиясын жақсы білген. Бейімбет балалардың қай нәрсеге болса да әуесқой болатынын ескеріп, жазу үстінде шебер пайдаланған. Ертегінің басталуынан-ақ айғаруға болады:
Айтшы, әжетай! Айтшы, айтшы ертегі,
Ертегің ше іліктіріп ертеді.
Ерте күнде өзін айтқан «Ерікті»
Елдің, жұрттың кімдер сонда көркі еді? –Әже, әже! Атам сонда бар ма еді?Онда тағы нақ осындай шал ма еді?әкесі Қайранбай қай майданында қаза тауып, әжесінің бауырында жетім қалған баланың қойған сұрақтары үлкен бір оқиғаның басталуына себепші болады.
Соған байланысты жас баланың тілегін орындау үшін 1946 ж. қанды оқиғасынан 1 сурет басталып кетуі.
Нұры кеткен кәрі кезден жас тамып,
Айтпайын деп ойласа да жасқанып,
Немерені жұбатам деп отырып,Ескі күйік кетіп еді басталып, -деп тыңдаушысын еліктіре түседі.Әкесі мен анасын жоқтаған бала сонын себептерін білуге асығады.Бұл оқиғада тарихта тұңғыш рет езілген тапқа бостандық, бақыт әперген халық қуанышының жаңа белгілері бар еді. Осының себептерінің білуге асығатын бала көңілі халық бостандығы үшін жан қиған әкесінің өлімін батырлық, ерлік өлім деп біліп, өзі де әкесіндей болуға шынығады. Әкесінің айтқан әрбір сөзі оның эстетикалық ерлік сезімін оятып, Отанға деген патриоттық рухын шыңдай түседі.Поэмада болашақ адамның жан дүниесін қалыптастыратын үлкен оқиғаға байланыстыра айтылған өмір танытарлық күрделі ойлар бар.
«Мен өлермін өкінбеймін өлімге,
Мен өлкеннен кедей саны кемір ме?
Әке-шешем келіп еді қартайып,
Алған жарым жастай қалды-ау елімде,
Менің қаным түбінде бір жоқталар,
Жалпы кедей жауға оғын оқталар.
Дәуірлердің ақтығына жетіп тұр,
Қанішерлер, жайларын жоқ мақтанар!» ...деп балаларға үлкен міндет артады.Социалистік реализм әдісімен жазылған бұл поэманың жалпы идеясы өткенді еске алу арқылы жас өспірімдерге қан мен тер арқылы қолға тиген бақытты тұрмысыңды ардақтай біл, көздің қарашығындай сақтай да, қорғай біл дегенді үйретеді.
8(2). библиотека
материалов ДОБАВИТЬ В ИЗБРАННОЕ
Бейімбет Майлин.

І. Өмірі мен шығармашылығы.

ІІ. «Кемпірдің ертегісі» поэмасы, мәні.

ІІІ. «Ананың ашуы» немесе «Қағыңғыр» өлеңі, тәрбиелік мәні.

І. Қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, заманымыздың аса талантты суреткері Бейімбет Майлин Жармағамбетұлы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданында дүниеге келген. Екі жасында әкесінен айрылған Бейімбетті бай қ. сауыншы болып (жұмыс) жүрген анасы тәрбиелейді. Жоқшылықтан Бейімбет 7 жасқа толысымен, қозы бағуға жалданады. Ауыл молдасынан аздаған сауатын ашып, хат танығаннан кейін оқуға ынта білдіреді. (әкесі Күлғизар). Жасы 17-ге келгенде, ағайындарының жәрдемімен, Уфа қаласындағы медресеге Ғалияға түседі.

Іргелес ауылдағы Арғынбай қажының медресесінде оқиды, Троицктегі «Уазира» медресесін бітіреді.

Оқуды өте жақсы оқиды. Оның алғаш әдістерге деген бейімі осында байқалады. Медресенің әдістерге ынталы шәкірттері шығарып түрлерін «Садақ» атты қолжазба журналының белсенді мүшесі болады. Кейін редакторы болады. Әлеуметтік маңызы бар дінді әжуа-сықақ ететін «Мұсылмандық белгісі» атты өлеңі, «Шұғанын белгісі» атты ұзақ әңгімесі осы «Садақ» журналында жарияланған.

Медреседе Бейімбет орыс тілі сабағына ерекше зейін аударады Пушкиннің, Чеховтың, Гогольдың, Толстойдың шығармаларын үзбей оқиды.

1915 жылы науқастануының салдарынан Бейімбет медресе оқуын бітіре алмай, еліне қайтады. Өз ауылында 2-3 жыл мұғалім болып істейді. Халық ағарту жұмысына араласады. Кедей шаруаның көмегімен мектеп салдыру жұмысын қолға алады. Жазушы «Естегілер» деген әңгімесінде былай жазады. «... Бүгін өте қуанышты болып отырмын. Мектеп салу жұмысы маған құр қиял сияқтанып көрінуші еді. Енді іске айналғалы тұр ... Мектепті қалай салуды кеңестік ..., кірпіштен салуды қолайладық ...»

Совет үкіметінің алғашқы жылдарында ескі дүниенің қатал езгісінен арылып, теңдікке қолы жеткен өзі сияқты ауыл кедейлерінің басын құрау жұмысына белсене кіріседі. Осы тұста жазған «Кедейге» атты өлеңінде.

Сенің зарын – зарлайтыным өмірге,

Сенің арың – арлайтыным өмірде.

Сен не көрсең – мен де соны көрмекпін.

Белді бұғам ауырға да, жеңілге, - деп жазады.

Мұғалімдық қызметін атқара жүріп, алдымен халық ағарту жұмыстарын жолға қоюың тарихи мәні барын сезінді.

1927 жылы шыққан «Ел көркі» деген кітабының мұқабасына

Оқыса білім бұлағы,

Оқыса елдің ұланы.

Тірілтіп елге жан беріп,

Ел ішін жұмақ қылады, деп эпиграф жазған.

1922-1923 жж. Қазақстанның сол кездегі астанасы – Орынбор қаласына келіп, газет-журналдарда қызмет атқарады. 1923ж. Қостанайда «Жаңа ауыл» газетін ұйымдастырды. Жазған әңгіме, очерк, өлеңдерімен партия саясатын ел арасына жеткізді.

1925ж. республикалардың жаңа орталығы болған Қызылорда қаласына «Еңбекші қазақ» социалистік Қазақстан газетінің редакциясына қызметке шақырылады. Осы газетте жұмыс істеп жүрген кезінде «Қазақ әд-ті» газетінің редакторы болды.

Бейімбет Майлин - әдістердің түрлі салаларында еңбек еткен жазушы.

1923-1937жж. Бейімбеттің 55 кітабы жарық көрді. Көптеген өлеңдер, 14-15 поэма, жүздеген әңгіме, очерк, фильмдер, ондаған повестер «Атылмаған оқ», «Он бес үй», «Раушан-нан», «Қырманда».

20-дан астам пьеса «Біздің жігіттер», «Қаламқас» қолы, «Келін мен шешей», либретто мен сценариялары, жарық көрген.

«Азамат Азаматович» романы жеке кітап болып басылған «Қоңсылар», «Қызыл жалау», «Тартыс» романдары отызыншы жылдардың басында республикалық газет-журналдарында жариялана бастаған.

Өлең кестесінің шебер өрнекшісі, құлақ құрышыл қандыратын диемәр әңгімеші, драматург Бейімбет Майлин 1938ж. 44ж. қайтыс болды.

«От басында» (әңгіме, өлеңдер жинағы) 1926ж. Қызыл-Орда.

«Ел сыры» (өлеңдер жинағы) 1926ж. Қаз. мемл. басы.

«Сойқанды содырлар» кітабы 1928ж. Қызылорда.

«Кесінділер» 1929ж. Қызылорда.

ІІ. «Кемпірдің ертегісі».

Бейімбет Майлиннің «Кемпірдің ертегісі» (1916ж. қанды оқиғасынан бір сурет) деген поэмасында балаларға үлкен саяси маңызы бар тарихи мәселені өте қызықты да көркем етіп баяндаған. Мұғалім бала жүріп бала психологиясын жақсы білген. Бейімбет балалардың қай нәрсеге болса да әуесқой болатынын ескеріп, жазу үстінде шебер пайдаланған. Ертегінің басталуынан-ақ айғаруға болады:

Айтшы, әжетай! Айтшы, айтшы ертегі,

Ертегің ше іліктіріп ертеді.

Ерте күнде өзін айтқан «Ерікті»

Елдің, жұрттың кімдер сонда көркі еді? –

Әже, әже! Атам сонда бар ма еді?

Онда тағы нақ осындай шал ма еді?

әкесі Қайранбай қай майданында қаза тауып, әжесінің бауырында жетім қалған баланың қойған сұрақтары үлкен бір оқиғаның басталуына себепші болады.

Соған байланысты жас баланың тілегін орындау үшін 1946 ж. қанды оқиғасынан 1 сурет басталып кетуі.

Нұры кеткен кәрі кезден жас тамып,

Айтпайын деп ойласа да жасқанып,

Немерені жұбатам деп отырып,

Ескі күйік кетіп еді басталып, -

деп тыңдаушысын еліктіре түседі.

Әкесі мен анасын жоқтаған бала сонын себептерін білуге асығады.

Бұл оқиғада тарихта тұңғыш рет езілген тапқа бостандық, бақыт әперген халық қуанышының жаңа белгілері бар еді. Осының себептерінің білуге асығатын бала көңілі халық бостандығы үшін жан қиған әкесінің өлімін батырлық, ерлік өлім деп біліп, өзі де әкесіндей болуға шынығады. Әкесінің айтқан әрбір сөзі оның эстетикалық ерлік сезімін оятып, Отанға деген патриоттық рухын шыңдай түседі.

Поэмада болашақ адамның жан дүниесін қалыптастыратын үлкен оқиғаға байланыстыра айтылған өмір танытарлық күрделі ойлар бар.

«Мен өлермін өкінбеймін өлімге,

Мен өлкеннен кедей саны кемір ме?

Әке-шешем келіп еді қартайып,

Алған жарым жастай қалды-ау елімде,

Менің қаным түбінде бір жоқталар,

Жалпы кедей жауға оғын оқталар.

Дәуірлердің ақтығына жетіп тұр,

Қанішерлер, жайларын жоқ мақтанар!» ...

деп балаларға үлкен міндет артады.

Социалистік реализм әдісімен жазылған бұл поэманың жалпы идеясы өткенді еске алу арқылы жас өспірімдерге қан мен тер арқылы қолға тиген бақытты тұрмысыңды ардақтай біл, көздің қарашығындай сақтай да, қорғай біл дегенді үйретеді.

ІІІ. «Қағыңғыр» (Ананың ашуы).

Бұл өлеңде ата-анасын бесеу қақтыратын 13-14 жастағы қолды-аяққа тұрмайтын тілазар, әумесер баланың бейнесі суреттелген.

Қағыңғыр, қаңғырумен күнін кешті,

Қағыңғыр, дал-дұл қылып киімді ескі,

Тату боп жүрсең кетті, қағыңғыр-ау,

Қоймайсың Боранбаймен төбелесті – деп бастаған.

Ақпа құлақ, тілазар баланың жексұрын тұрпаты көзге елестейді. Ана үмітін ақтайды деп отырған қадірмен баланың өсе келе шаруаға икемі жоқ, тілазар болғаны ата-анаға күйік. Баланың ондай есерсоқ болуы ата-ананың өзіне де байланысты. Өйткені баланы бастан дегендей оның еркелік шолжағына тиім салмай, қол беру – оны осындай бейбастыққа ұрындырған. Ата-ананың бар ойы, арманы мен тілегі өзінің өмірінің жалғасы деп танылған баланың болашағы дәл осындай болмаса деп тырысады. Қарғаса да, соқса да келешегін ойлайды, жақсы өсуін тілейді.



Бейімбет ананы бастан-босқа ашуландырып, қарғап, сөйлете бермейді. Баланы жөнге келтіріп, ақылға көндірудің жолын іздестіреді. Мақсатты көздейтін талаппен оның іске асуын қадағалайды, күшті бақылау екенін жазушы еске салады.
Қағыңғыр сүйенесің тіл мен жаққа,
Тықылдақ қылған сені сор ма, бақ па?
Бұзауды тауып алып суарып кел,
Тез барып албардағы шөп сал атқа!
Көкала, тіл алмасаң тірі сойып,
Көзіңді біржолата қоям ойып! ...деп қатты ескертіп, қатаң тәртіп орнатады.
Қорыта айтқанда, әумесер баланы белгілі дағдыға үйреткен, еңбек пен бақылаудың жемісі болды деп айтқан.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет