Лекция тақырыбы: Қарттық кезең психологиясы Лекцияның оқыту нәтижелері: Пән бойынша қарттық кезеңнің жалпы сипаттамасы, дамудың әлеуметтік жағдайы және жетекші іс-әрекет



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата14.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#196745
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
VHKXNJWQGZKG12122023114952



№15 Лекция тақырыбы: Қарттық кезең психологиясы 
 
Лекцияның оқыту нәтижелері:
 
1. 
Пән бойынша
 
қарттық кезеңнің жалпы сипаттамасы, дамудың әлеуметтік 
жағдайы және жетекші іс-әрекет
 
мақсаттарымен танысады
.
2.
 
Пән бойынша 
кәріліктің әлеуметтік-психологиялық типтерін оқып үйренеді.
 
Лекция мазмұны: 
1.Қарттықтың жалпы сипаттамасы. Дамудың əлеуметтік жағдайы жəне 
жетекші іс-əрекет 
Адамның қартаюы – адамзатты ежелден мазалап келе жатқан жұмбақ. Философтар 
ғасырлар бойы қартаюдың себептерін талқыласа, көптеген діндер кәрілікке киелі маңыз 
берген. Алай- да қартаю үдерісінің биологиясы әлі күнге дейін толық зерттел- ген жоқ, 
тіпті адамның қартаю шапшаңдығын тежеудің әдістері де табылмай келеді. Ғалымдардың 
толассыз зерттеулеріне қарамастан, адамзат кәрілікті жеңудің ауылынан әлі тым алыста. 
Қартаю – басқа да тірі ағзалардың табиғи қартаюы сияқты биологиялық үдеріс. Сол 
үдерістің салдарынан адам денесіндегі барлық органдар мен жүйелер жұмысы біртіндеп 
әлсірейді. Жасы келген адамның денесіндегі физиологиялық өзгерістер, ең алдымен 
биологиялық қызметтердің бәсеңдеуіне әкеп соғып, метаболикалық стрестерге қарсы тұру 
қабілеті төмендейді. Мұндай келеңсіз өзгерістер әдетте адамның психологиялық және 
мінез-құлық пен жүріс-тұрыс ырғағының құбылуына себеп бола- ды. Қартаюдың 
биологиялық аспектілеріне кәріліктен туындай- тын өзгерістер ғана емес, жалпы 
денсаулықтың нашарлауы да жатады. 
Қазіргі кезде геронтогенездің бөлінуі қартаю мен кәрілік кезеңі, бүтін комплекстік 
әлеуметтік-экономикалық, биологиялық және психологиялық себептермен байланысты, 
сондықтан жоғарғы онтогенез кезеңдерін түрлі ғылым салалары қарастырады. Мәселен, 
биологиялық, нейрофизиологиялық, демографиялық, психологиялық және т.б. 
Медицина ғылымында қартаю – бұл организмде жас өзгерістерінен заңды түрде 
туындайтын физиологиялық үдеріс. Қартаю үдерістеріне әртүрлі жүйелерде әртүрлі 
жылдамдықта байқалатын жас шамалық өзгерістердің дамуы тән. Адамның жас шамасы 
календарлық және биологиялық болып бөлінеді. Адамның биологиялық жасы оның зат 
алмасу, 
құрылымдық, 
қызметтік, реттеушілік 
ерекшеліктері 
мен 
бейімделу 
мүмкіншіліктерінің жиынтығымен анықталатын жағдайы болып табылады. Кәсіби 
зияндылықтар, ауыр дене еңбегі, ауыр күйзелістер, кофе, күрең шәйді қолдану, ішімдік 
ішу, темекі шегу сияқты факторлар қартаю үдерісін жеделдете түседі. Жастың қартаюына 
байланысты адамның салмағы да өзгереді. 35-60 жас аралығындағы ерлерде салмақ жыл 
сайын 0,2-0,8 кг-ға өседі. 60 жастан кейін май қатпарының өсуіне қарамастан дененің 
жалпы салмағы азаяды. Осы сияқты өзгерістер әйелдерде де байқалады. Жас келген сайын 
көлденең-жолақ бұлшық еттердің, бауырдың, лимфа жүйелерінің атрофиясы (сему) 
байқалады. Адам салмағының төмендеуіне сүйек жүйесінде байқалатын өзгерістердің 
біраз әсері бар. 
Қартайғанда ДНК-нің (дезоксирибонуклеин қышқылы) байланысу қарқыны 
төмендейді, қайта түзелетін РНК (рибонуклеин қышқылы) мөлшері азаяды, осыған 
байланысты түзілетін белоктардың құрылымында өзгерістер байқалады. Қартайған 
организмде иммунитеттің жасушалық және гуморальдық факторла ры белсенділігінің 
төмендеуі орын алады. 
Қартайған сайын есте сақтауы төмендейді, ұмытшақтық пай да болады. Ұйқы уақыты 
азаяды, күндіз қалғып кететін сәттер байқалады. Қартайған кезде ерікті қимыл-әрекеттерді 
реттеу механизмдері бұзылады, кеңістіктегі дене қалпын бақылауы қиындай түседі. 
Бұлшық еттердің салбырап, оның ширығу қасиетінің төмендеуіне байланысты кейбір 
мүшелердің қызметі (үлкен, кіші дәретті ұстай алмау сияқты) бұзылады. 
Қарт адамның тағы бір ұрымтал тұсы – иммун жүйесінің әлсіреуінен келетін аурулар. 


Тіпті, қазіргі медицинада қауқары кеткен кәрі ағзаның күші келмейтін кейбір ауруларға 
қатысты «кәрі адамдарға тән ауру» деген түсінік те бар. Мысалы, жас адам өкпенің 
қабынуынан тез-ақ айығып кетсе, мұндай кеселдің кәрі адамның түбіне жетуі де 
соншалықты оп-оңай. Жүрек, бүйрек, ми және өкпе сияқты органдардың жұмысы 
нашарлайды. Бұған белгілі бір мөлшерде осы органдар жасушаларының жоғалуы мен 
олардың қайтып орнына келу мүмкіндігінің төмендеуі себеп. Қарт адамның жасушалары 
жас кезіндегі мүмкіндіктерін біртіндеп жоғалтады. Жасушадағы кейбір ферменттердің де 
жұмысы баяулайды. Бір сөзбен айтсақ, адам ағзасындағы қартаю үдерісі барлық деңгейде 
жүретін көрінеді. Қартаю кезіндегі ми жұмысындағы елеулі өзгерістересте сақтау 
қабілеті мен ойлау қабілетінің баяулауы. 
Адамның дүниеге келген уақытынан бастап өмір сүру кезеңі 3-тен 24-ке жетуі 
мүмкін. Оның ішінде ең қарапайым және қолайлы топтастыру бойынша адамның өмір 
сүру кезеңдері 3 кезеңнен тұрады: 

Балалық шақ кезеңі; 

Жетілу кезеңі; 

Кәрілік кезеңі. 
Ежелгі грек философы және математик Пифагор (б.э.д. ІV ғ.) адам өмірінің 
кезеңдерін жылдың 4 мерзіміне сәйкес келетіндей 4 кезеңге бөледі: 

Қалыптасу кезеңі – «көктем» (0-20 жас); 

Жастық кезең – «жаз» (20-40 жас); 

Күш-қайраттың тасу кезеңі – «күз» (40-60 жас); 

Солу-кәрілік кезеңі – «қыс» (60-80 жас); 
Тарихи дамудың әртүрлі кезеңдерінде және әртүрлі елдер шекарасында кәріліктің 
басталу кезеңі әртүрлі болады. Оны төмендегі берілген кестеден байқауға болады (
1-
кесте)

1-кесте. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет