Лекция тақырыбы: Қарттық кезең психологиясы Лекцияның оқыту нәтижелері: Пән бойынша қарттық кезеңнің жалпы сипаттамасы, дамудың әлеуметтік жағдайы және жетекші іс-әрекет


Əртүрлі елдердегі ғалымдардың кәріліктің шекарасын айқындауы



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата14.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#196745
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
VHKXNJWQGZKG12122023114952

Əртүрлі елдердегі ғалымдардың кәріліктің шекарасын айқындауы 
 
Негізгі деректер 
Кезеңі 
Кәріліктің басталу уақыты, 
жасы 
Пифагор 
Ерте тарихи кезең 
60 
Гиппократ 
Ерте тарихи кезең 
56-63 
Қытай ғалымдары 
Ерте тарихи кезең 
70 
Орта ғасыр ғалымдары 
Ерте тарихи кезең 
Ерлерде – 50, Əйелдерде - 30 
Орыс демографы: 
А.П.Рославский-Петровский 
19-ғасырдың 1-ші жартысы 
61 
Француз физиологтары 
19-ғасыр 
55-60, 70 
Неміс физиологы М.Рубнер 
1854-1932 жж.. 
50 жас-кәрілік; 70 жас-аса 
кәрілік 
АҚШ денсаулық сақтау 
ассоциациясы 
1939 ж. 
65 жас ерте кәрілік; 75 жас 
кәрілік 
Ағылшын физиологы 
20-ғасыр 
50-60 жастан астам 
 
Жалпы қартаю кезеңі жаңа демографиялық кезең болып табы лады. Көптеген елдерде 
60-65 жастан асқан адамдар тобы 20%- дан жоғары екендігі дәлелденді. Қазіргі кезде 
адамдардың орта кезеңдегі өмір сүруі олардың ата-аналарына қарағанда әлдеқайда 
жоғары, сонымен бірге, бұл ересек және қартаю жастың әлеуметтік психологиялық 
ерекшеліктерін жалғастыру кезеңі екенін білдіреді. Саяси-әлеуметтік экономика қоғамның 
мәдени өмірін және адам дамуындағы мінез-құлықтарының нығаюын та- лап ететін кезең 
болып табылады. 
Қазір медицина саласындағы бәзбір жетістіктер мен өмір сүру деңгейінің көтерілуі 


адамзаттың орташа өмір сүру ұзақтығын айтарлықтай өсірді. Бірақ әлемнің көптеген 
елдерінде бұл үдеріс енді халықтың қартаюына әкеп соғуда. Əсіресе, Батыс Еуропа 
елдерінде, халықтың қалған бөлігімен салыстырғанда, мұқтаждықтары өзгеше келетін 
егде адамдар үлесінің артуымен бірге соңғы жылдары кәрілікке байланысты әлеуметтік 
және экономикалық мәселелер туындап отыр. 
Қартаю проблемалары жөніндегі ең бірінші халықаралық құжатқа қартаю 
проблемалары жөніндегі іс-әрекеттердің Халықаралық жоспары жатады, осы құжатты 
1982 жылы БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) Бас Ассамблеясы мақұлдады және ол 
халықтың қартаю проблемаларын тиімді шешу саласы мен егде жастағы адамдардың даму 
саласындағы мүмкіндіктерін қарауға қатысты үкіметтер мен азаматтық қоғамның әлеуетін 
күшейтуге нысаналанған.
Халықтың қартаюы жөніндегі 2002 жылғы сәуірдегі екінші Дүниежүзілік 
Ассамблеяда БҰҰ мүше елдері Саяси Декларация мен қартаю проблемалары жөніндегі 
іс-әрекеттердің Мадридтік Халықаралық Жоспарын қабылдады, Жоспарда қартаю 
проблемалары жөніндегі стратегия мәселелері әлеуметтік қамсыздандырудың тар 
ауқымдарымен салыстырғанда анағұрлым кең мағынада қаралды және құжатта даму 
саласындағы саясат мәселелерін талқылау қажеттілігіне баса назар аударылады. Жыл сайын 
жер бетінде қартайған адамдардың саны 2,4 пайызға өседі екен. Кейбір болжаулар 
бойынша 2020 жылы кәрі және қартайған адамдардың саны 1млрд-қа жетеді. ХХ 
ғасырдағы адам жетілуінің жылдам дамуын (акселерация), қартаю үдерісінің кешеуілдеуін, 
тіршілік ету ұзақтығының ұзаруын адамның тарихи-эволюциялық дамуындағы жаңа 
құбылыс деп қарастыруымыз ке рек. 
Халықтың қартаю үдерісі – қазіргі кезде көптеген елдерде байқалып отырған 
құбылыс. Мамандардың болжамы бойынша, 2050 жылға қарай егде жастағы адамдардың 
саны жастардың жалпы санынан асып кетеді, бірқатар дамыған және дамушы елдерде бұл 
үдеріс 1998 жылда-ақ байқалған. Егде жастағы адамдар үлесінің көбеюімен көрсетілетін 
халықтың қартаю үдерісі туудың жиынтық коэффициентінің төмендеуінен және өмір сүру 
ұзақтығының өсуінен туындайды: ол қазір іс жүзінде жаппай дерлік байқалып отыр. 
Халықтың қартаюы Францияда XVIII ғасырдың соңында басталды да, содан кейін бірте-
бірте барлық дамыған елдерге тарады.
Бірақ егде жастағы адамдар үлесінің ұлғаюы қазіргі кездегідей бұрын ешқашан 
соншалықты жылдам және ауқымды болған емес. Халықтың қартаюы мен аралас 
мәселелерді зерттеп-зерделеуші сарапшылар жас дәрежесіне қатысты әркелкі тәсілдерді 
ұстанады. Н. Н. Сачук ДДСҰ (Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы) Еуропалық 
аймақтық бюросының деректерін (1963) келтіреді, ол бойынша 60-тан 74 жасқа дейінгі 
адамдар – егде жастағы адамдардың, 75 және одан жоғары жастағылар – қарт адамдардың, 
90 және одан жоғары жастағылар ұзақ жасаушы адамдардың қатарына жатқызылады. 
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы 1982 жылы 65 жасты егде жастың көрсеткіші 
ретінде таңдады, ол қазіргі кезде көпшілік ел- дерде жаппай танылған көрсеткіш болып 
табылады. 
1990 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп 
бекітті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет