Лекция тақырыбы: Қарттық кезең психологиясы Лекцияның оқыту нәтижелері: Пән бойынша қарттық кезеңнің жалпы сипаттамасы, дамудың әлеуметтік жағдайы және жетекші іс-әрекет



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата14.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#196745
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
VHKXNJWQGZKG12122023114952

1.
 
Зейнетке шығу кезеңі (зейнетке шыққаннан кейінгі алғашқы жылдары) 
– 
бұл 
ең алдымен жаңа әлеуметтік рөлді, мәртебені меңгеру. Жалпы алғанда, аталмыш кезең 
төмендегідей жағдайлармен ерекшеленеді

Дамудың əлеуметтік жағдайы, % 

Ескі қатынастар (жұмысындағы қызметтестері) алғашқы кезде сақталынғанымен, 
біртіндеп сирей бастайды. 

Жақындарымен және туыстарымен араласу (сәйкесінше, туысқандарының 
тарапынан «тәжірибесіз» зейнеткерлерге деген түсінісушілікпен назар аудару қажет). 

Біртіндеп зейнеткер-достар немесе жасы неғұрлым жасырақ өзге адамдар (ол 
зейнеткердің қандай іспен айналысып, кіммен араласатынына байланысты болады) пайда 
бола бастайды. 

Көп жағдайда зейнеткердің туысқандары мен таныстары 
«уақыты онсыз да көп» зейнеткердің немерелерімен көбірек ай- налысуына тырысуы 
мүмкін, сондықтан адамның балалары- мен және немерелерімен қарым-қатынасы да 
зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайының маңызды сипаттамаларының бірі деп са- налады. 
Жетекші іс-əрекеті: 

Ең алдымен, аталмыш жас шамасы адамның өзін жаңа қырынан тану, күш-қуатын 
ақиқаттың әрқилы жаңа түрлерінде сынап көру ұмтылысы (немерелерін тәрбиелеу, үй 
шаруысымен айналысу, жаңа қатынастарды орнату, қоғамдық ақиқатты тану т.с.с.), яғни 
«байқау және қателесу» әдісі арқылы өзін-өзі анықтау; жалпы алғанда зейнеткердің уақыты 
көп болады, сондықтан ол жоғарыда аталғандардың барлығына уақыт бөле алады. 

Зейнеткерлердің көбі зейнетке шыққанымен алғашында мамандығы бойынша 
бұрынғы жұмысын жалғастырады; ондай жағдайда қызмет еткен зейнеткердің дербес 
мәнділік сезімі арта түседі. 

Анағұрлым жасырақ адамдарға «ақыл айту» немесе кейде тіптен «намысына тию» 
ұмтылысы арта түседі. 

Кейбір зейнеткерлер үшін аталмыш жас кезеңі өзінің өткен өмірінің мәнін түсіну 
ұмтылысы болуы мүмкін: кейбіреулері бұл кезеңде өмірбаян жазуға бет алуы мүмкін, ал 
тағы біреулері міндетті түрде өз тәжірибелерімен және күйзелістерімен бөліскісі келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет