Лекция тақырыбы: Қарттық кезең психологиясы Лекцияның оқыту нәтижелері: Пән бойынша қарттық кезеңнің жалпы сипаттамасы, дамудың әлеуметтік жағдайы және жетекші іс-әрекет


И.С.Кон қартаюдың келесі əлеуметтік-психологиялық типтерін анықтап



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата14.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#196745
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
VHKXNJWQGZKG12122023114952

И.С.Кон қартаюдың келесі əлеуметтік-психологиялық типтерін анықтап 
көрсетеді. 
Бірінші тип 
– белсенді, шығармашылық түрде қартаю. Бұл типке жататын қарттар, 
заңды демалысқа шықса да, қоғамдық өмірде, жастар тәрбиесінде және т.б. белсенді 
атсалысып, толыққанды, белсенді өмір сүріп, өздерін еш кемсітпейді. 
Қартаюдың 
екінші типіне жататын 
қарттар – бұрын-соңды уақыттары жетпеген 
шаруалармен айналысатындар: яғни, білім деңгейлерін көтеру, демалу, көңіл көтеру және 
т.с.с. Бұл типтегі қарттарға әлеуметтік және психологиялық тұрғыда жақсы бейімделу, 
көнбіс болу, барлық энергияны тек өздеріне ғана жұмсау тән. 
Үшінші тип 
(көбінесе әйел адамдар) барлық күш-қуатын тек отбасына ғана 
жұмсайды. Үй шаруасы ешуақытта таусылмайтын болғандықтан, әйелдердің ауруға, 
зерігуге уақыттары да бол- майды. Бірақ өмірге деген қанағаттану бұл топтағы қарттарда 
(жоғары екеуіне қарағанда) төмен. 
Төртінші типтегі 
қарттар – бұл типке жататын қарттардың ерекшелігі – 


денсаулықтың өмірінің мәніне айналуы болып та- былады. Түрлі белсенділік формалары, 
моральдық қанағаттану да осымен тікелей байланысты. Сонымен қатар, (көбінесе ер 
адамдарда) нақты ауруларын шынайылықтан артық көру, қатты қобалжуға жол беру жиі 
кездеседі. 
И.С.Кон жоғарыда көрсеткенқарттардың жағымды типтерімен қоса, олардың 
жағымсыз типтеріне 
де назар аударады: 

агрессивті, кәрі ұрысқақтар – қоршаған ортаға көңілі толмай, өзінен басқаның бәрін 
сынға салып, төңірегіндегі адамдардың барлығын үйретіп, әрдайым дау-дамай 
шығаратындар; 

өзінің өміріне жəне өзіне көңілі толмайтындар, 
жалғыз қалған және көңілсіз 
жүретін қарттар. Өткен өмірлерінен жіберіп алған мүмкіндіктерін айтып, өздерін аса 
бақытсыз санайтындар. 
Қарттарға қатысты зерттеу жүргізгендердің бірі – А. Качкин. Ол қарттарды 
өмірлеріндегі қызығушылықтарына сай, төмендегідей типтерге бөліп қарастырған: 

 Отбасылық тип 
– тек отбасының бақытына назар аудара- тындар. 

 Жалғыздық типі 
– тек өзімен-өзі ғана ой бөліскенді қалайды, содан ләззат алып, өз 
естеліктерімен ғана өмір сүреді. 

 Шығармашылық тип 
– бұл типтегі қарттардың сурет са- лумен, музыкамен және 
т.б. айналысуы міндетті емес. Олар өз шығармашылықтарын бақшада гүл өсірумен де 
көрсете алады. 

 Əлеуметтік тип 
– зейнеткер – қоғам адамы, қоғамға пайда- лы істермен және іс-
шаралармен айналысушы. 

 Саяси тип 
– өз өмірін саяси өмірге араласумен (белсенді де, белсенді емес те) 
толтырады. 

 Діндар тип. 

 Сөніп бара жатқан тип 
– өз күшін жұмсай алмай, өзіне жаңа іс таба алмай, өмірін 
қызығушылықпен толтыра алмаған қарттар жатады. 

 Ауру тип 
– бұл типтегі қарттар өз ауруларына емес, көбінесе сол ауруларының өту 
этаптарын бақылаумен айналысатындар. 
Көптеген қарттар девианттарға айналады, яғни мінез- құлқында ауытқушылықтар 
пайда болады (қаңғырып кету, өзін- өзі өлтіру). 
Психиатр М. Мак-Каллох жануарлардың адам психикасы- на әсерін бірінші болып 
зерттеген болатын. Сауалнама жүргізу арқылы ол келесі тұжырымға келді: үй жануарлары 
адамды бай- салды, сабырлы, жайбарақат қылады. Ал кейбір жан күйзелісін бастан 
кешірген адамдарға, мұндай «төрт аяқты достарды» бағу аса қажет болып табылады. 
Жалғыздық сезімі адамның жан дүниесін күйзелтеді. Қоршаған ортамен қарым-
қатынасын әлсіретіп, тұлғаны, оның әлеуметтік құрылымын бұзады. Адамдармен 
толыққанды қарым- қатынаста болу, соны сақтап қалу, жалғыздық сезіміне мойынсын- бау – 
қартаюды дұрыс қабылдау дегенді білдіреді. 
Қартаю – жеке адамның дамуының маңызды және ұзаққа созылатын кезеңі. Өйткені 
бүкіл әлемде адам өмірінің ұзақтығы өсіп келеді. Қарт адамдарға мемлекет, қоғамдық 
және басқа да ұйымдар мен мекемелер, жалпы қоғам тарапынан жасалған дұрыс қарым-
қатынас – олардың өмірлерінің жақсы өтуіне бірден-бір се- беп болады. 
Кәрілік жасы – адамның орта жастан кейін келетін қоғамдық еңбектен босап, 
еңбегінің зейнетін көретін материалдық қамтамасыз етілетін құрметті демалысқа 
шығатын жасы. Шартты түрде кәрілік адамның зейнетке шығуы жасына жетуінен бастала- 
ды деп есептеледі. Кәрілік жаста кәрілік, кемелділік деген ұғым жиі кездеседі. Ол 
дегеніміз қартайған адамның ақыл-ойының сарқылуының салдары болып табылады. 
Кәрілік, кемелділік кей- де шектен асып, ақылдан ажырап қалу деңгейіне дейін құлдырауы 
мүмкін, қазақта мұны алжу деп атайды. 
Қартаюдың ең ақырғы сатысы – кәрілік сатысы, ол адамның бүкіл тіршілік ету 
өмірінде ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен дамитын адам ағзасының қызметтік 


жетіспеушілігінің ұлғаю нәтижесі болып табылады. Қартаюдың психикалық 
ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударылса да, геронтология ғылымы 
пән ретінде егде жастағы адамдардың көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс 
жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни 
жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. пайда бол- ды. 
Ғалымдардың соңғы онжылдықтағы зерттеулері бойынша 90- 95 жасқа дейінгі 
жастың ұлғаюы мүлдем азайып барады. 55-60 жастағы адамдар өздерін қарттар санатына 
қоспайды, әлеуметтік қоғамда жасы толған адамдар қатарына жатқызады. Қарттықтың өз 
ішіндегі фазаларында, мысалы, біреулер 50 жасынан-ақ шаршап өмірден түңіле бастаса, ал 
біреулері 70 жасында өмірге деген күші мол, әлі көптеген жоспарларды жүзеге асырғысы 
келеді. 60 жас ша- масына таяған адамдардың көбісі өмірінің тура жолын өздігінше талдап, 
сонымен бірге болашаққа деген көріністерін бағалап іске асыруға тырысатын болады. 
Бұл кезеңнің әдеттегі толғанысы: 
«Уақыттың жетпеуі», «Өмірдің тез өтуі», «Осы уақыттың барлығы қайда кетіп 
жатқаны түсініксіз», «Егер алда ұзақ уақыт болғанда, онда мен..., әттең» және т.б. Қарттық 
кезеңді зерттеуші ғалымдар, әсіресе 56 жас шамасындағы тұлғалардың қарттық кезеңге 
аяқ басып келе жатқанын атап көрсетеді. Олардың сезімдерінің ұйымшылдығын, қиын 
кезеңдерді қайта жеңіп алу үшін не қажет, не керек, өз өміріне тосын жаңалықтар енгізгісі 
келсе соған бар күшін салып талпынатынын айтады. Қарт адамдарға бұл дағдарыс көбінде 
қатты уайымшылдыққа әкеліп соғады. 
Қарттық шақтың 55-60 жас аралығын мосқал кезең деп атауға болады немесе бұл 
кезеңді «Əлеуметтік орта» десек те артықтық етпейді. Қандай да әлеуметтік өзгерістер 
осы кезеңнің жеке өмірінде орын табады. Көптеген адамдар үшін бұл кез зейнетке шыққан 
кезде басталады, яғни осы кезде белгілі бір әлеуметтік ортаға деген белсенділігі төмендей 
түседі. Əсіресе, өзінің тұрақты жұмысынан басқа ештеңемен айналыспаған, ешқандай 
оқуға, басқа мамандық алуға, қандай да бір қосымша ұйымдарда болуға қызығушылығы 
соқпаған зейнеткерлер үшін бұл өте ауыр жағдай. Бірақ қаншалықты зейнетке 
шыққанымен кәрі адамдар өз әдеттерін тастамайды. Өзінің отбасына, не болмаса тағы бір 
басқа жұмыстарға қызығып күнін өткізеді. Мосқал адамдар бәрібір әрі қарай өз ұрпағына 
көмектесулері міндет деп сезінеді. Олар үшін бұл кезеңде ең басты бақытты ұрпақтары, 
немерелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет