Лекция тақырыбы: Қарттық кезең психологиясы Лекцияның оқыту нәтижелері: Пән бойынша қарттық кезеңнің жалпы сипаттамасы, дамудың әлеуметтік жағдайы және жетекші іс-әрекет


Қарттықтың жеке-дара кезеңдерін тұлғалық өзіндік анықтаудың



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата14.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#196745
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
VHKXNJWQGZKG12122023114952

Қарттықтың жеке-дара кезеңдерін тұлғалық өзіндік анықтаудың 
психологиялық сипаттамалары мен ерекшеліктері 
(Н. С. Пряжников бойынша) 
 

 
Қарттықтың жеке-дара кезеңдерін тұлғалық өзіндік анықтаудың психологиялық 
сипаттамалары мен ерекшеліктері
 
 
Егде тартқан зейнеткерлік алдындағы жас шамасы (зейнетке шығуға дейінгі, шамамен 55 
жастан бастап)
 
 
Зейнетке шығу кезеңі (зейнетке шыққаннан кейінгі алғашқы жылдары)
 
 
Қарттық кезеңі (зейнетке шыққан соң денсаулығының күрделі нашар- лауына дейінгі кезең )
 
 
Денсаулығы күрт нашарлауы жағдайындағы ұзақ өмір сүру кезеңі
 
 
Денсаулығының жағдайы қалыпты күйде ұзақ өмір сүру (шамамен 75-80 жастан ары 
немесе жоғары) кезеңі
 
 
Егде тартқан зейнеткерлік алдындағы жас шамасы (зей нетке шығуға дейінгі 
шамамен 55 жастан бастап) 
– бұл ең алдымен аялдау, ең жақсы жағдайда – зейнетке 
шығуға дайындық. Жалпы алғанда, аталмыш кезең төмендегідей тұрғылармен сипат- 
талады. 
Дамудың əлеуметтік жағдайы: 

Зейнетке шығуға дайындалу: кейбір адамдар үшін зейнет- ке шығу «жылдамырақ 
демалуға бет алу» бетбұрысы ретінде қабылданса, әлдекім үшін белсенді еңбек іс-


әрекетінің тоқтатылуы және өз тәжірибесі мен аздаған мөлшерде сақталған қуатын қайда 
жұмсарын білмейтін бұлыңғыр болашақ ретінде елестейді. 

негізгі қатынастары көбінде әлі де болса өндірістік сипатқа ие болып, бір жағынан 
қызметтестері ол адамның жұмыстан жылдамырақ кетуіне үміт артуы мүмкін (ал адамның 
өзі оны сезеді), ал тағы бір жағынан адамды жібергісі келмеуі де мүмкін, ал оның өзі іштей 
зейнеткерліктің құрдастарының көбінен кешірек орын алатынына үміт артуы мүмкін. 

адам, бір жағынан біршама деңгейде немерелеріне дейін от- басын қамтамасыз ету 
жағдайында болса, тағы бір жағынан көп табыс таба алмай, өзінің «аянышты 
зейнетақысын» алып, «қажет болмай қалуын» сезіктенуі мүмкін туысқандарымен 
қатынастары. 

Қызметінде өзіне «лайықты мұрагерін» дайындау, тәрбиелеу ұмтылысы. 
Жетекші іс-əрекеті: 

Үлгермегенін жүзеге асыруға «үлгеріп қалуға» тыры- су (әсіресе, кәсіби 
жоспарда), сондай-ақ қызметінде өзі жайлы «жақсы естеліктер» қалдыруға тырысу. 

Тәжірибесін ізбасарлары мен шәкірттеріне қалдыруға тырысу. 

Зейнеталды жас шамасындағы адамдар немерелері дүниеге келгенде өздерін 
барынша жүзеге асыруға талпынған қызметі мен маңызы жұмысынан кем түспейтін 
немерелерін тәрбиелеуді бірге алып жүруде қиындықтарды кешіруі. 

Зейнеталды жас шамасының соңына қарай (әсіресе, жұмысымен қош айтысу 
ықтималдығы тым жоғары болса) зей- нетке шыққанда айналысатын істі таңдау, өзінің 
алдағы өмірін қалайда жоспарлау талпынысы байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет