Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Жұмысшы табының қалыптаса бастауы



бет154/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Жұмысшы табының қалыптаса бастауы. Жергілікті жұмысшы табының қалыптасуы өнеркәсіптің дамуына байланысты болды. Жұмысшылар негізінен кедейленіп, қайыршы халге түскен көшпелі қазақтар мен қоныс аударып келген орыс шаруалары есебінен толыға түсті. Қазақстанның бірқатар облыстарынан ондаған мың шаруалар жұмыс іздеп, табыс табу үшін үйлерінен безіп, ел кезіп кетті.

Жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Мұның өзі бірқатар факторларға байланысты еді: олардың кәсіби білімі, мамандығы болған жоқ, тұрғын үй тапшылығынан қатты қиналды, кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасы мүлдем жоқ еді. Қазақстанда XIX ғасырдың аяқ кезінде өнеркөсіп өндірісінің техникалық жабдықталу деңгейі тым төмен болды. Соның салдарынан негізінен қол еңбегі көп қолданылды.
Кәсіпорын иелерінің озбырлығы жұмысшылар арасында бірте-бірте ашу-ыза мен наразылық туғызды. Жұмысшылар кәсіпорындардан қашып кететінді шығарды. Бірақ наразылықтың бұл түріне тез арада тосқауыл қойылды. Қашқындарды ұстап алып, үш ай мерзімге түрмеге жапты. XIX ғасырдың орта кезінен бастап жұмысшылар наразылығының жаңа түрі - ереуілге шығу пайда болды.

  1. Қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы. Зауыт, фабрикалардағы жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Фабрика инспекциясы туралы заң Қазақстан аумағында қолданылған жоқ. Жұмыс күнінің ұзақтығы мұнай кәсіпшіліктерінде 12 сағатқа, ал алтын өндірілетін кен орындарында 10-12 сағатқа созылды. Жұмысшылар қарапайым еңбек құралдарын пайдаланды. Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі сақталмады, ол туралы сөз етудің өзі де мүмкін емес еді. Жұмысшылардың тұрақты баспанасы да болған жоқ. Олар лашықтар мен киіз үйлерде тұрды.

Тау-кен өнеркәсібінің тез дамуы жұмыс қолының тапшылығын туғызды. Соның салдарынан кәсіпорындарда әйелдер мен балалардың еңбегі кеңінен пайдаланылды. Олар еңбекақыны ер адамның еңбекақысымен салыстырғанда әлдеқайда аз алды.
Қазақ жұмысшыларын ашықтан-ашық кемсітіп, дискриминация жасады. Бірдей еңбек ете тұра оларға жалақы әлдеқайда кем төленді. Бұл жөнінде округтік инженер М. Красовский былай деп жазды: «Қырғыздармен (қазақтармен. - авт.) бірдей жұмыс көлемін атқарған орыс жұмысшылары жалақыны олардан екі не үш есе артық алады». Олардың орташа жалақысы күніне 30-40 тиыннан ғана құралды. Қазақтар жұмысқа қабылданғанда баспана берілмейтіні ескертілетін. Қазақтардың орыс тілін нашар білуінен, олар өз құқықтарын қорғай алмады. Зауыт-фабрика дүкендеріндегі тауарлар мен азық-түлік өнімдері қазақтарға көтеріңкі бағалармен сатылды. Міне, мұның бәрі қазақ жұмысшыларын өздерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларын жақсарту жолындағы күреске шығуға итермеледі.


Акция - құнды қағаз. Ол кәсіпорынға акционердің белгілі мөлшерде үлес-жарнасының қосылғанын куәландырады және оған меншікті иеленуге, түскен табысты бөлісуге құқық береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет