Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


жылы Лондонда «Спасск мыс кен орындарының акционерлік қоғамы»



бет151/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

1904 жылы Лондонда «Спасск мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» құрылды. Бұл қоғам орыс көпестерінен мыс кеніштерін сатып алумен белсенді түрде айналысты. Акция иелері Англияның, Францияның, АҚШ-тың, Германияның, Швецияның, Испанияның және басқа да елдердің азаматтары болды.
Тап сол 1904 жылы Риддер мен Зыряндағы аса бай түсті металл кен орындарын австриялык, кәсіпкерлер сатып алды. 1906 жылы тағы да сол Лондонда «Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» пайда болды. Бұл қоғам Жезқазған аймағындағы мыс кеніштерін түгел сатып алды. Олар тез арада темір кен орындарын да, әк карьерлерін де иемденіп шыға келді.

  1. Тұз, мұнай және алтын өндіру. Тұз Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон және Елек кәсіпшіліктерінде, Қазақстанның солтүстік-шығысындағы Коряков көлдерінде өндірілді. Ол өлкенің өзінде тұз өнімін тұтыну және Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшін де өндірілді. Мәселен, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінен ғана

4 миллион пұтқа жуық тұз алынды. Онда мыңдаған адам жұмыс істеді. Олардың басым көпшілігі қазақтар болды. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз негізінен Батыс және Шығыс Сібірге, сондай-ақ Обь өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп отырды.
Мұнай өндіру ісі шетелдік кәсіпкерлердің, ең алдымен ағылшындардың қолында болды. Олар 1911 жылы Доссор кәсіпшілігінде, Жем өзенінің бойында мұнайды көп мөлшерде өндіре бастады. Шетелдік компаниялар орасан зор көлемде пайда тапты. Біріншіден, олармен бақталас бәсекелестер болған жоқ. Екіншіден, жергілікті қазақ халқын арзан жұмыс қолы ретінде пайдаланды. Үшіншіден, ағылшындар мұнай көздерін барлау және өнім өндіру кезінде елеулі жеңілдіктерді пайдаланды. Төртіншіден, батыс елдерінің банктерінен тиімді түрде несие алды. Ал жергілікті халыққа ешқандай да ақы төленген жоқ. Осы себептерден шетелдік компаниялар тез арада байып алды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет