Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет160/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Украиндықтар. Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Олар негізінен ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысқандар еді. Украиндықтардың елеулі бөлігі қазақтың кең-байтақ даласына ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде, Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруалардың жаппай қоныс аударуы кезінде келді. Қоныс аударушы украиндықтар негізінен Полтава, Харьков, Таврия, Херсон, Екатеринослав және Киев облыстарының шаруалары еді.

Украиндықтардың басты шаруашылық кәсібі егіншілік болды. Қазақ даласындағы белгілі украиндық диқандардың бірі Ақмола облысының Атбасар ауданы Қима болысына қарасты Запорожское селосының шаруасы Василий Марченко еді. 1913 жылы Романовтар әулеті билігінің 300 жылдығын атап өту құрметіне ең үлгілі шаруашылық үшін белгіленген арнайы сыйлықтардың бірін осы В. Марченко жеңіп алған болатын. Ол егістік топырағының құнарлылығын арттыру мақсатымен тұқым себудің он танапты әдісін енгізді: «Сельский вестник», «Хлебороб» журналдарын үзбей оқып тұрды. Сол кездегі ең жаңа ауыл шаруашылық техникаларын пайдаланды. Үй жануарларының тұқымын асылдандырумен де айналысты.
Патша үкіметінің шаруалардың қоныс аударуына қаншалықты отарландырушы сипат беруге тырысқанына қарамастан, украиндықтар мен жергілікті қазақтардың арасында достық, тіпті туыстық қарым-қатынастар қалыптаса түсті. Мәселен, 1905 жылы Киевте болған шеруге қатысқаны үшін Ақмола облысының Ақмола уезіне жер аударылған Афанасий Латутаны Жоламан деген қазақ өкіл бала етіп асырап алып, оған Жақып Жоламанов деген есім берген. Жақып қазақ тілін меңгеріп алды және өз бетінше ізденіп, исламның негізін де үйреніп, мұсылман дінін қабылдады. 1916 жылы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі кезінде ол Қорғалжыңдағы көтерілісшілердің танымал басшыларының бірі болды.
1897 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 87 мыңдай украиндық тұрды. Украиндықтардың қазақ өлкесіндегі бүкіл халықтың арасында алған өзіндік үлесі 2 пайызға жуық еді. Украиндықтардың негізгі топтары (51 пайызы) Ақмола облысында шоғырланды. Олардың басым көпшілігі (87 пайызы) шаруалар болды, бірқатары мещандар тобына жатты. Украиндықтардың шағын бір бөлігі Ресей казактары қатарында әскери қызмет етті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет