Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


жылы Қытайдағы қазақтардың жалпы саны 225 мыңға



бет168/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

1911 жылы Қытайдағы қазақтардың жалпы саны 225 мыңға дейін жетті. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде патша үкіметінің қудалауына төзе алмаған 300 мыңға жуық қазақ Қытайға өтіп кетті.

  1. Монғолиядағы қазақтар. Монғолияның батыс бөлігінде тұратын қазақтардың негізгі тобын абақ керейлер құрады. Абақтардың басым көпшілігі бұл елге XIX ғасырдың 60-70-жылдары Қытайдан келген болатын. Оларды бастап келгендер Қожамжар, Самырхан т.б. сұлтандар мен рубасылары еді.

Қоныс аударып келудің негізгі себептері Қытайдағы 1850-1864 жылдары тайпиндердің (шаруалардың) және 1862-1878 жылдары дүнгендердің көтеріліс жасауы болды. Көтерілістің негізгі себебі жер тапшылығына байланысты еді. Қытай үкіметі бұл мәселені шешу үшін «жаңа жерлерді игеру» саясатына көшті, Шыңжанда жер иеленуші дүнгендер мен қытайлар қаптап кетті. Мұның өзі ондағы қазақтарға қиын тиді. Малдарына жайылым қалмаған қазақтар Монғолияға қоныс аударуға мәжбүр болды.
Олар жаңа қонысында да мал шаруашылығымен айналысты. Бірақ жалға алып пайдаланған жайылымдары үшін монғолдарға ақы төлеп тұрды. XX ғасырдың бас кезінде Монғолиядағы қазақтардың жалпы саны 12 мыңға жуықтады. Монғолиядағы белгілі қазақ азаматтары Көбеш батыр, Жуанған би, Сүгірбай би және басқалар болды.

  1. Түрікменстандағы қазақтар. Қазақтар Каспий сыртын ежелгі заманнан бері мекендеп келген еді. Олар Түрікменстанға Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер аяусыз басылғаннан кейін барған болатын. Жазалаушы отрядтардың қаһарынан тек сонда ғана құтыла алатын. Мәселен, 1869—1870 жылдары Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Түрікмен жеріне ауып кетті. 1897 жылғы халық санағы бойынша, Түрікменстанда тұратын қазақтардың саны 73 мыңға жуықтады. Түрікменстандағы қазақтар көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды.

  2. Өзбекстандағы қазақтар. Қазақтар Орта Азия мемлекеттерінің аумағында ерте замандардан бері тұрып келген болатын. Олар әсіресе Ташкенттің, Жызақтың және Ходженттің төңірегінде көп қоныстанған еді. 1820 жылы Ресей саяхатшысы әрі зерттеуші Е. Мейендорф Бұхар хандығындағы қазақтар туралы былай деп жазды: «Біз қырғыздарды (қазақтарды. — авт.) Бұхараның солтүстік-шығысындағы Қаршы, солтүстігіндегі қарақалпақтармен шектесетін Мианкала маңында көп көрдік».

Қазақтардың бірқатар бөлігі бұл жаққа патша үкіметінің әскерлері Оңтүстік Қазақстанды Ресей империясына қосып алғаннан кейін қоныс аударған болатын. Олар Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістерге қатысып, қуғын көрген, жерінен айырылып қалған қазақтар еді.
1897 жылғы халық санағы Жызақ және Ходжент уезінің аумағында ғана 63 мың қазақ тұратынын көрсетті. Қазақтардың көпшілігі мал шаруашылығымен, бірқатары егіншілікпен айналысты. Бұл аумақта олар заң тәртібіне қатаң бағынатындығымен көзге түсті. Сондықтан да оларға сауда керуендеріне Қазақстан аумағында жол көрсетіп, бастап жүру міндеті сеніп тапсырылды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет