Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет167/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

1911 жылғы есеп бойынша, Томск губерниясында 29 мың, Тобыл губерниясында 9 мың қазақ тұрған. Қазақтардың шағын бір бөлігі Иркутск, Забайкалье және Якут облыстарында да тұрды. Олардың едәуір басым бөлігі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты. Бірқатары орыс шаруалары мен казактардың жалдамалы қызметкері және бақташысы болып жұмыс істеді.
Ресейде туып-өскен, белгілі қоғам қайраткерлері дәрежесіне дейін көтерілген қазақ азаматтарының қатарында Қошке (Қошмұхамбет) Кемеңгеров, Асылбек, Мұсылманбек және Мұратбек Сейітовтер, Әміре Исин, Мұқан Әйтпенов және басқалары болды. Ертіс өзенінің Омбы қаласы жанында қазақ-жоңгар соғысында ерлігімен ерекше көзге түскен Байболат батыр жерленген.

  1. Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу ерекшеліктері. Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасуы XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ-жоңғар соғысына тікелей байланысты болды. Жоңғарлардың басқыншылық шабуылы барысында қазақтар Жетісу, Тарбағатай аймақтарындағы шұрайлы жайы- лымдарының едәуір бөлігінен айырылып қалды. Мұның өзі Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының бұрыннан дәстүрлі қалыптасқан көші-қон бағыттарының бұзылуына соқтырды.

Қытай-жоңғар және қазақ-жоңғар соғыстарының барысында Жоңғар мемлекеті тарих сахнасынан кетті. Қазақтар өздерінің байырғы дәстүрлі мал жайылымы жерлерін қайтарып алуға тырысты. Бірақ жоңғарлардың көзін жойған негізгі жеңімпаз ретінде қытай үкіметі қазақтардың ондай талабын қабыл алмады. Жоңғар хандығының орнына Қытайда Синьцзянь атты аймақ құрылды. Онда бекініс-қамал түріндегі қалалар салына бастады.
Абылай хан бастаған қазақ билеушілері Қытай өкімет билігі орындарымен бірнеше рет келіссөздер жүргізіп, қазақтардың ежелгі жерлерін қайтарып беру мәселесін қайта-қайта қозғаумен болды. Ақырында Қытай өкімет билігі орындары 1767 жылы қазақтардың Синьцзяньға көшіп, қоныс аударуына рұқсат етті. Бірақ оның есесіне қазақтар ондағы жайылымды пайдаланғаны үшін ақы төлеуге тиісті болды. Төлемақының мөлшері әр түліктің 100 басына жылына бір малдан беріп тұру болып келісілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет