Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет170/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Сейітов Асылбек (1894-1937) - Қазақстандағы көрнекті қоғам қайраткері. «Алаш» қозғалысына белсене қатысушы. Томск медицина университетін бітірген.



1788 жыл, 15 шілде. Генерал-поручик Огаревтың жеке өз атына. — “ «Қырғыз-қайсақтарды алыс даладан Ресейдің ішкі жағына қоныс аудару туралы»
«Шын мәніндегі Құпия кеңесші кінәз Вяземскийдің атына Сіздің жолдаған рапорттарыңызға қарай отырып, Орта жүздегі қырғыз-қайсақтардың бірқатар сұлтандары мен старшындарының әрқашан ізгі ниетті жандар екеніне, шекара шебінің бастықтары берген тапсырмаларды екі етпей сөзсіз орындайтынына және шын берілген адалдық танытатындығына көзіміз жетті. Соның нәтижесінде олардың Ресейдің ішкі жағына қоныстандыру жөніндегі өтінішін қанағаттандыруды Сізге тапсырамын, бірақ оларды орналастырған кезде бір-біріне жақын қондырмауды ескертемін».
Ресей империясы заңдарының толық жинағы. СПб., 1830. XXII том, 1068-бет.



Алтыншы бөлім
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан
& 46-47. Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде


1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтыц өкімет билігіне қарсы. қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды.
1. Патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі. 1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды.
Бірқатар қалаларда жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.
Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері теміржол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.
Бұл кезеңде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және казактардың қорына жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір казак- тарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып, пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық қорларды көптеп тасып әкету күшейді. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.
Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылдың қаңтарынан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет