Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Қазақстандағы ірі этникалық топтар



бет164/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Қазақстандағы ірі этникалық топтар

Орыстар

Украиндықтар

Татарлар

Ұйғырлар

Дүнгендер

Белорустар

Мордвалар

Өзбектер

1897 жылы өткен Бүкілресейлік халық санағының деректері бойынша Қазақстанда өзбек, түрікмен, башқұрт, қалмақ, тәжік т.б. ұлт өкілдері тұрған.




Халықшылдар - XIX ғасырдың екінші жартысындағы төңкерісшілдер.
Социал-демократ - социал-демократиялық партияның мүшесі.
Ассимиляция - бір халықтың екінші халықпен араласып, ұлт ретінде жойылып кетуі.
Глазенап Григорий Иванович (1751-1819) - генерал, Сібір шекара шебіндегі әскерлердің 1807-1819 жылдардағы командирі.



«Бұрыннан тұратын шаруалардың казактармен ортақ сипаты баршылық. Оларды бір-бірінен киген киіміне қарап ажыратуға болады... Казактардың басым көпшілігі киетін қырғыз (қазақ. - авт.) шекпенін шаруалардың үстінен ілуде бір рет қана көруге болады... Казактар мен шаруалардың арасындағы қарым-қатынас олардың бір-бірімен жақын екендігін тіпті де білдірмейді. Діни жікшілдердің, ескі діни наным-сенімдегілердің деревнялары бір-бірінен мүлде бөлек, жеке-дара орналасқан. Олар өздерінше бөлек өмір сүреді.
Кейінгі жылдары Харьков, Полтава, Киевтен және басқа да губерниялардан келген малороссиялықтар негізінен Ақмола мен Атбасар сияқты далалық уездерге орналасты. Олардың деревняларын шикі кірпіштен салынып ақталған, төбесі сабан аралас қамыспен жабылған үйлеріне қарап білуге болады. Олар қоныс аударушы орыс шаруаларынан бөлек болғанды ұнатады.
Отарлық өлкеден көшіп келген немістер (менониттер, баптистер және басқалары), сондай-ақ эстондықтар мен латыштар Ақмола облысында XIX ғасырдың 90-жылдарында пайда болды. Олардың бірқатары Омбыға жақын маңда өздері жалға алған жерлерде, екінші бір бөлігі Ақмола уезіндегі Преображенский, Романовский, Канкринский поселкелерінде тұрады, орыстармен араласпайды. Олардың бір-бірімен өштесіп жауласқаны сонша, тіпті Романовский поселкесінде қарулы қақтығыстарға дейін барған. Сондықтан да патша үкіметінің жергілікті әкімшілігі орыстарды ол жерден басқа жаққа көшіруге мәжбүр болды... Поляк, еврей, сарттар тек қалаларда ғана тұрады, сауда-саттықпен, басқа да коммерциялық кәсіп түрлерімен айналысады...»
Ресей. Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы. Орыс адамдарының қолынан түспейтін және жолға шыққанда алып жүретін кітабы. Редакциясын қараған Семенов П. П. Қырғыз өлкесі. СПб., 1903, XVIII том, 198-199-беттер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет