Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Ағылшын, неміс және француз зерттеушілері. ХІХ-ХХ ғасырлардың



бет210/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Ағылшын, неміс және француз зерттеушілері. ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезінде Қазақстан жөнінде неміс, ағылшын және француз ғалымдары құнды еңбектер жазып қалдырды. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағын ағылшын саяхатшысы әрі суретшісі Т. Аткинсон (1799-1861) егжей-тегжейлі зерттеді. Ол 1848-1855 жылдары Жетісу қазақтарының көші-қон жерлерін аралап, жергілікті халықтың өмірі жайлы бағалы деректер жинады. Суретші ретінде көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін суреттер салды. Неміс географы, әтнограф әрі тарихшы Ф. фон Хелльвальд (1842-1892) «Орталық Азия. Жер бедері мен халқы» атты іргелі еңбек жазды. Ол еңбегінде қазақтардың тұрмыс-тіршілігін, көршілес халықтармен өзара қарым-қатынасын жан-жақты сипаттады. Француз ғалымы Ш. Е. Ужвальди де Мезе-Ковез Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеп, едәуір материалдар жинап, жариялады.

  • Қазақ зерттеушілері. XIX ғасырдың екінші жартысында білімді қазақтың тұтас бір тобы туған өлкенің тарихы мен этнографиясын зерттеуге белсене араласты. Атап айтқанда, Орыс географиялық қоғамының Семейдегі бөлімшесінде Ә. Бөкейхан, Ш. Құдайбердиев, Ж. Ақбаев, М. Шорманов, С. Жантөреев, Б. Дауылбаев және басқалар жемісті еңбек етті.

    Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыс Уәлиханов өз ұлының ісін одан әрі жалғастырды. Ол Сібір әкімшілігіне қажетті тарихи-этнографиялық материалдар жинастырды. 1867 жылы Мәскеуге көрмеге қою үшін қазақтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін ауқымды экспонаттар кешенін жіберді.
    Белгілі қазақ этнографы Мұса Шорманов маңызды этнографиялық зерттеулер қалдырды. М. Шорманов Омбы кадет корпусында оқиды. Оқуын бітіргеннен кейін болыс, Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарды. Орыс армиясының полковнигі шенін алады. Ол «Батыс Сібір қырғыздарының мал өсіру кәсібі туралы», «Қырғыздардың ұлттык, дәстүрлері», «Павлодар уезінің қырғыздары туралы жазбалар» деген мақалалар жариялады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   251




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет