Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет211/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

М.-С. Бабажанов (1832-1898) қазақтың алғашқы этнографтарының бірі болды. Бөкей хандығының аумағында дүниеге келген. Болашақ ғалым Орынбор кадет корпусында жан-жақты білім алды. Оны бітіргеннен кейін Ішкі Ордада бірқатар лауазымды әкімшілік қызметтер атқарды. 1862 жылы М.-С. Бабажанов Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды және оның Үлкен күміс медалімен марапатталды. Оның «Нарын құмы туралы географиялық және этнографиялық деректер», «Ішкі Қырғыз ордасындағы саятшылық» т.б. құнды мақалалары жарық көрді.
Қазақтың тарихы мен этнографиясын зерттеумен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, М. Жұмабаев, Қ. Кемеңгеров, А. Сейітов және басқалар да шұғылданды. Өз елінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге қатысу олардың халықтың аянышты ауыр халін неғұрлым тереңірек түсінуіне жәрдемдесті.

  1. Қазақтың медицина саласындағы зерттеулері. XX ғасырдың бас кезінде медицина саласында да қазақ ғалымдары шыға бастады. Жұқпалы аурулардың таралып, өз отандастарының өлім-жітімге ұшырауы қазақ дәрігерлерін бейжай қалдырған жоқ. Олар өз халқының денсаулығын сақтауға барынша аянбай еңбек етті. Қазақтың алғашқы дәрі- гері, ғылым қайраткерлерінің қатарында Мұхамеджан Қарабаев, Халел Досмұхамедов, ағайынды Асылбек және Мұсылманбек Сейітовтер және басқалары болды. X. Досмұхамедов Санкт-Петербургтегі әскери-медицина Асылбек Сейітов. академиясын бітіріп, денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Ол Орал облысының Темір уезінде дәрігер болып істеді. Жалпыұлттық «Қазақ» газетінің бетінде оның «Ауру-сырқаулар жөнінде», «Жұқпалы ауру түрлері» сияқты тағы басқа да бірқатар мақалалары жарияланды. А. Сейітов Томск университетінің медицина факультетін бітіріп, әуелі Омбы қаласында, одан соң Баянауыл мен Семейде жұмыс істеді. Семей облысында жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілген шараларды басқарды. Оның медицина саласында жазылған мақалалары әлі күнге дейін ғылыми-практикалық маңызын жоғалтқан жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет