Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет226/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Шағатай тілі - бүгінде қолданыстан қалған, ортағасырлық түркі тілі.
Әбдірахман (Әбіш) Өскенбаев (1869-1895) - Абайдың Ділдәдан туған баласы. 1889 жылы Түмен қаласындағы Александров реалдық училищесін, 1892 жылы Санкт-Петербург артиллерия училищесін бітірген.



«Біздің қазақ бұл Сарыарқаға келіп, ие болған. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге текке келіп ие болған жоқ. «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен», жаннан кешіп, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында қалмақпен алысып, жаттай салысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз сарбаздары жау жолында оққа ұшып, өлгені өліп, қалғаны қалып, сөйтіп алған жер еді...
Мен бұл қасіретті жылдарды ата-бабамыздың неге құрбан болғанын ұмытпау үшін еске алып жүремін. Олар бізге осы жерді мұраға қалдыру үшін өз жандарын аямады...»
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. Павлодар, «Эко» ҒӨФ, 2006, 8-т., 264-272-беттер.



& 59. Украинаның көрнекті ақыны, суретшісі Тарас Шевченко Қазақ жерінде


Егер Абай қазақ даласының теңдесі жоқ ұлы ақыны болса, Украинаның мұндай жарқын тұлғасы Тарас Шевченко еді. Т. Шевченко қазақ пен украин халықтары достығының жаршысы.
Тарас Григорьевич Шевченко украинның ғана емес, қазақ халқының да мәдениетінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Ол талантты ақын, прозаик, суретші, көрнекті ойшыл еді.
Орыс патшасының бұйрығымен жер аударылып, қазақ жерінде он жыл өмірін өткізді.
Бұл кезең оның өміріндегі ең қиын да жемісті жылдары болды. Ол қазақ халқы өмірінің жарқын көріністерін шығармашылық тұрғыда бейнелеген әлемдегі алғашқы тұлға саналады.
1. Жастық шағы. Тарас Григороевич 1814 жылы Киев губерниясына қарасты Моринды ауылында (қазіргі Черкассы облысы, Украина) көпбалалы, қарапайым шаруа Григорий Тарас Шевченко. Шевченконың отбасында дүниеге келді. Оның арғы аталары еркін казактар, запорожье әскерінде қызмет еткен.
Оның отбасы өте кедей тұрған. 9 жасында анасыз қалады, ал екі жылдан соң әкесі қайтыс болады. Тарасқа бай адамдарға жалданып жұмыс істеуіне тура келеді. Өзінің табиғи қабілетінің арқасында ол өздігінен сауатын ашады.
Ірі жер иесі, алпауыт Энгельгардтың шаруашылығында жұмыс істей жүріп, жас Тарас бос уақытында сурет салумен, атақты суретшілердің туындыларын көшірумен айналысты. 15 жасында ол өз қожайынымен бірге Вильно қаласына (қазіргі Вильнюс, Литва астанасы) барып, екі жыл бейнелеу өнерінен дәрістерге қатысты.
Кейін Энгельгард Петербург қаласына қоныс аударып, Тарасты өзімен бірге алып кетті. Қожайыны Энгельгард қол астында суретші болғанының тиімді екенін түсініп, оны кескіндеме өнерінің шебері Василий Шираевца шәкірт етіп берді.
Тарас Петербургте өлең жаза бастайды, демократиялық көзқарастағы мәдениет қайраткерлерімен араласып тұрады. Олар жас Шевченконың өте сирек кездесетін табиғи талантын байқап, қожайынына тәуелділіктен құтқарып, бас бостандығын сатып алып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет