Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Мәшһүр Жүсіп — ислам дінінің насихаттаушысы, ойшыл



бет225/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Мәшһүр Жүсіп — ислам дінінің насихаттаушысы, ойшыл. Ол дінге адал берілген адам болды. Өз өлеңдерінде шала сауатты молдаларды қатаң сынағанымен, қазақ халқы арасында ислам дінін кеңінен насихаттады. Халық оны сәуегей, көріпкел деп санап, құрмет тұтты. Мәселен, ақын тірі кезінде қайтыс болар күніне дейін біліп, алдын ала ас бергізген, шағын кесене тұрғызған. Қазақтың ұлы ақыны Абай да Мәшһүр Жүсіпті қасиетті санаған. Ел аузында айтылатын бір аңыз әңгіме бойынша Абай Мәшһүр Жүсіптен: «Егер сен данышпан болатын болсаң, Құдай қайда екенін айтшы?!», - деп сұрапты. Сонда ақын: «Құдай жүрегіңде», - деп жауап қайтарыпты дейді.

Ал Абайдың ұлы Әбдірахман Мәшһүр Жүсіптің аса терең білімдарлығына тәнті болып, «бұл ғаламда ол білмейтін дүние жоқ!», - деген сөз қалдырыпты. Атақты балуан Қажымұқан ақынмен бірнеше рет жолығып, әр кездескен сайын оның батасын алған.
Мәшһүр Жүсіп өз замандастарынан ақыл-ойы, білімімен озған ойшыл, гуманист еді. Өз шығармаларында адамзатты ізгілікке, парасаттылық, адамгершілікке шақырды. Қазақ халқын өнер-білімге үндеді, жер мен ел тағдырының өзекті мәселелерін көтерді. Ол былай деп жазды: «Жылап жатсаң да, жақсылықты айт. Жамандықты айтсаң, періште әмин десе, қайран қазақ, сорың қайнар...»
Ол Ұлы Жаратушыға сенді, өзінің ойы мен ісін парасаттылық, ізгілік пен адамгершілік қасиеттерге негіздеді. Өз халқын оқу-білімге, рухани тазаруға, адамгершілікке шақырды.

  1. Мәшһүр Жүсіптің қазақ халқы тарихындағы алар орны. Мәшһүр Жүсіптің есімі қазақ халқының жадында мәңгі қалды. Белгілі ғалым Шафық Шоқыұлы өз еңбегінде былай деп жазды: «Мәшһүр Жүсіптің есімі ешқашан да ұмытылмайды. Ол Қожа Ахмет Йасауи мен әл-Фарабилермен қатар қазақ тарихында өз орнын алады. Мәшһүр Жүсіп сарқылмас мұхиттай білім көзі».

Көрнекті тарихшы Е. Бекмаханов өз еңбектерінде Мәшһүр Жүсіптің жинаған материалдарының ғылыми тұрғыда құндылығын атап көрсетіп, ақынның мұрасына жоғары баға берді.
Мәшһүр Жүсіпті бүгінгі ұрпақтары мен жерлестері ұмытқан жоқ. Оның туған ауылында ақынның жеке заттары, кітаптары, үй тұрмысында қолданған бұйымдары жинақталған, республика бойынша жалғыз мұражай ашылған. Павлодар қаласында жыл сайын республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» атты конференция ұйымдастыру дәстүрге айналған. Павлодар қаласында салынған Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің бірі Мәшһүр Жүсіп есімімен аталады. Екібастұздағы орталық көшеге де ақынның есімі берілген. Ақын дүниеге келген жерде үлкен кесене тұрғызылған. Кесенеге түрлі ұлт өкілдері мен елдерден тәуеп етушілер көп келеді. Кейбір жұртшылық мұнда сырқатынан айығу үшін, ал екіншілері рухани тазару үшін де келіп жатады.
Ақын қазіргі «Мәдени мұра» бағдарламасын алдын ала болжап, бізден жүз жыл бұрын жүзеге асыра бастаған. Ол ата тарихымызбен біте қайнасып келе жатқан рухани құндылығымыздың жоғалып кетпей, сақталып қалуына көп көмегін тигізді. Ақынның ондаған жылдар бойы талмай ізденіп, жазған мақалалары мен материалдары бүгінде 20 том болып басылып шықты.
Қазақстандықтар үшін Мәшһүр Жүсіп әділдік, адалдық, даналық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі болып қала бермек. Ол өз ұлтына адал қызмет етті. Оның өмірі мен шығармашылық жолы бүгінгі жастар үшін үлгі-өнеге саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет