«Жас тарихшы» сайысы. Мақсаты: оқушыларды интеллектулды сайысқа қатыстыру арқылы, білімге, оқуға деген құштарлықтарын ояту.
Мұғалім: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі сыныптар арасында өтетін «Жас тарихшы» сайысына қош келдіңіздер!
Сайысқа қатысушы топтарымыз: 6А және 6Ә сынып оқушылары. Бүгінгі білім бәсекесінде қатысушыларға тілеріміз тек сәттілік! Төзімділігіміз «ту» болып, Ұлтжандылығымыз «Ұран болып, Әділдігіміз «Ән» болып, «Тәуелсіздігіміз» баянды болсын деймін.
Сенбе жұртқа тұрсадағы қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап, Өзіңе сен өзіңді алып шығар, Еңбегімен ақылың екі жақтап.
Олай болса бүгінгі «Жас тарихшы» сайысының қатысушыларына арналған 1-кезең - «Ғажайып төрттік». Шарты: экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы ұяшық ішіндегі сұрақтарға жауап береді, екі топ кезекпен. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе, ұяшық нөміріндегі ұпайды алады. Ал, дұрыс жауап бермесе ұпай жойылады.
Ойлан тап 10 ұпай: Алғашқы адамдардың әлеуметтік құрылысы қалай аталады? (Алғашқы қауымдық құрылыс)
Ойлан тап 20 ұпай: Заттай деректер негізінде адамзаттың тарихын зерттейтін ғылым? (Археология)
Ойлан тап 30 ұпай: Ең алғашқы адам қаңқасы қай жылдары табылды? (1959 - 1963жж.)
Ойлан тап 40 ұпай: Адамның алғашқы пайда болған Отаны? (Африка)
Сұрақ бізден, жауап сізден 10 ұпай: Қазіргі адамға ұқсас адам қалай аталады? (саналы адам)
Сұрақ бізден, жауап сізден 20 ұпай: 1927 жылы синантроп қай жерден табылды? (Қытайдан)
Сұрақ бізден, жауап сізден 30 ұпай: Индонезиядағы Ява аралынан питекантроп адамы қай жылы табылды? (1891жылы)
Сұрақ бізден, жауап сізден 40 ұпай: 1938 жылы Өзбекстаннан неандертальдық баланың қаңқа сүйегін тапқан академикті атаңыздар. (А.П. Окладников)
Жүзден жүйрік 10 ұпай: Қай дәуір «қыш құмыралар заманы» деп аталады? (неолит)
Жүзден жүйрік 20 ұпай:Рулық қатынастар ыдырағаннан кейін орнаған бірлестіктер. (Тайпа)
Жүзден жүйрік 30 ұпай: Берел қорымынан табылған жәдігер. (Жылқының қаңқалары)
Жүзден жүйрік 40 ұпай: Германияның Неандерталь мекенінен қай жылы адам қаңқасы табылды? (1856 жыл)
Ғажайып сұрақтар 10 ұпай: Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасқан қала. (Қызылорда)
Ғажайып сұрақтар 20 ұпай: Белгілі сақ патшайымы кім? (Тұмар)
Ғажайып сұрақтар 30 ұпай: 1970 жылы Есік қорғанын ашқан археолог кім? (К. Акышев)
Ғажайып сұрақтар 40 ұпай: Францияда кроманьондық адамның сүйегі қай жылы табылды? (1868 жылы)
Мұғалім: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма
Біліммен өнер жарысып
Тәрбие - тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда!
Олай болса келесі кезеңізге көшсек: «Кім жүйрік» деп аталады. Шарты: қатысушы топтарға сұрақтар оқылады және ол сұрақтардың жауабын 5 секунд ішінде айту керек. 1 сұраққа дұрыс жауап берсе 5 балл.
1 топтың қатысушыларына сұрақ:
Еліміздің оңтүстік астанасы (Алматы)
Үйсіндерде малдың қай түрі байлықтың өлшемі болып есептелді? (жылқы)
Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? (3)
Жезқазғаннан кен өндірілгенін кім зерттеді? (Қ. Сәтпаев)
Үйсін қаласы «Қызыл Аңғар» қайда орналасқан? (Ыстықкөл)
2 топтың қатысушыларына сұрақ:
Қола дәуірінде адамдар қандай нәсілге жатты. (Европоидтық)
Сақ тайпалары жайлы алғаш рет кімнің еңбегінде айтылды? (Геродот)
Астана қаласының бұрынғы атауы. (Ақмола, Целиноград)
Сақ қоғамы қандай 3 топқа бөлінді, соларды атаңыз? (Абыздар, жауынгерлер, малшылар мен егіншілер)
Мыс пен қалайының қосындысы қалай аталды? (Қола)
Мұғалім: Қымбатты оқушылар, үшінші айналым «Суретші қиялы» деп аталады. Шарты: Екі топқа белгілі бір тақырып айтылып, сол бойынша өз қиялдарындағы суретті салу қажет. Және болған соң түсіндіріп берулері шарт. Тақырып: «Тәуелсіздікке 30 жыл». Қатысушыларға берілетін уақыт 10 минут. Бұл уақыт ішінде әділ қазы алқалары алдыңғы кезең ұпайларын шығарса дейміз.
Жеңіске жеткен топты марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |