Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


& 20-21. 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс



бет77/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

& 20-21. 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс


Қазақтардың патша үкіметіне қарсы ұзаққа созылған көтерілістерінің бірегейі 1837-1847 жылдары Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс болды. Көтерілістің мақсаты қазақ халқының азаттығын, еркіндігін сақтау еді.
1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері. XIX ғасырдың 20-30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Патша үкіметі қазақ халқының ежелден қоныстанып келе жатқан жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті. Қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күнкөрісін қиындатып жіберді.
Көтерілістің басты мақсаты - қазақтардың патша үкіметі тартып алған атамекен қонысын қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
Қозғаушы күш ретінде көтеріліске қатардағы қарапайым халық, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да қатысты. Көтерілісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.
Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбек Сейдаққожа Оспанов басшылық етті. Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет