Көпжасушалы омыртқасыздардың қозғалу мүшелері алуан түрлі.
Олар жануар типіне байланысты. Құрттарда алғаш рет дербес бұлшық
ет жасушалары пайда болады. Олар жабынмен (терімен) бірігіп кететін
бұлшық еттерден қабат түзеді. Мұндай жүйені
тері-бұлшық ет қапшығы
дейді.
Ұлуларда бұлшық ет жүйесі, әсіресе басаяқтыларда (сегізаяқ) едәуір
дамыған.
Буынаяқтыларда алғаш рет бұл шық еттердің жеке шоғыры пайда
болады. Дененің бір сегменті қозғалу үшін бұлшық еттің белгілі бір
шоғыры жиырылады, ал қалғандары демалып, энергияны үнемдейді.
88-сурет.