139
Қолдану:
1. Қозғалу әдістері бойынша жануарларды (кәдімгі амеба, жасыл эвгле-
на, инфузория туфелька, шұбалшаң, шырыш, мөңке балық, бүркіт)
топтастырыңдар.
2. Жануарларға тән сендерге белгілі қозғалу мүшелерін атаңдар. Олар-
дың қандай жануарларға тән екенін, қандай ортада қолданатынын
көрсетіңдер.
Талдау:
1. Жануарлар мен өсімдіктердің қозғалу айырмашылығын талдаңдар. Ол
неге байланысты?
2. Тіршілік ортасы, дене пішіні және қозғалуға бейімділік арасындағы
байланысты түсіндіріңдер.
Синтез:
1. Жануарлардың қозғалу мүшелерін талдаңдар. Қозғалу мүшелерінің
тіршілік ортасына (жүзу, ұшу) бейімделгенін дәлелдеңдер.
2. Жануарлардың кластарына сәйкес қозғалу мүшелерін анықтаңдар.
Оларды эволюциялық ретпен орналастырыңдар.
Бағалау:
1. Қосымша материалды пайдаланып, жылан мен шұбалшаң қозғалысының
ұқсастығын зерттеңдер. Ең жылдам қозғалатын жануарлар қандай
тіршілік ортасында мекендейді? Олардың рейтингін құрастырыңдар.
2. Қосымша материалды пайдаланып, жануарлар мен қозғалғыш бактерия-
лардың жылдамдығын салыстырыңдар. Ағза денесінің ұзындығын және
уақыт бірлігінде өткен жолын ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: