Жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Жүйке жүйесінің
мүшелері (жұлын, ми, барлық жүйке) жүйке ұлпаларынан тұрады.
Жүйке ұлпаларының подтиптері болмайды. Олардың барлығы
жасушалардың екі түрінен: нейрондар мен нейроглиялардан тұрады.
Нейрондар – жүйке ұлпасының негізгі жасушалары. Жүйке
ұлпасының қызметін нейрондар атқарады.
Нейрондар да жүйке импульстерін беруге қабілетті. Нейрондардың
бұл қабілеті
өткізгіштік деп аталады. Яғни жүйке ұлпаларының негізгі
екі: қозғыштық және өткізгіштік қызметі бар.
Жүйке ұлпаларының қосымша ұлпалары
нейроглия деп аталады.
Оларды глиальды жасушалар деп атайды. Олар нейрондарды қорғайды,
сақтайды және қоректендіреді. Олар нейрондарға қарағанда көп. Мыса-
лы, бір нейронды шамамен мыңдаған глиальды жасушалар қоршайды.