§54. Тозаңдану және ұрықтану Өсімдікті тозаңдану және ұрықтану түсінігі. Гүлді өсімдіктің жынысты көбею
мүшесі – гүл. Гүл қосымша және басты
мүшелерден тұрады. Қосымша бөліктер
бұл –
гүлсағақ ,
гүлтабан ,
тостаған жапырақшалар және
күлтелер . Гүлдің
басты бөліктері – аталығы және аналығы.
Аталығында түзілген тозаңда аталық
жыныс жасушалары бар. Ал аналығында
аналық жыныс жасушалары болады.
Аналығының жоғары бөлігі
аналық аузы деп аталады.
Тозаңдану – аналық аузына тозаңның түсу үдерісі. Тозаңдану үдерісінен кейін
ұрықтану жыныс жасушаның қосылуы
– дара хромосома жиыны бар гаметаның
қосылу үдерісі жүруі керек. Қазір тозаңдану
үдерісінің ерекшелігін қарастырамыз.