Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет228/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
 Гүлдің құрылысы
1 – гүл сағағы; 2 – гүл табаны; 
3 – тостағанша жапырақша
4 – күлте жапырақша
 
5–аталығы; 6 – аналығы.
5
2
1
4
6
3
Аталық 
гүл-
шоғыры
Аналық 
гүл-
шоғыры
127-сурет. 
1. Бірүйлі 
өсімдік (жүгері): 
а) аталық гүлі; 
ә) аналық гүлі 
а)
 
ә)


209
Айқас тозаңдану және өсімдігі өздігінен тозаңдану.
 Айқас тозаңдану 
кезінде  бір  гүл  тозаңы  басқа  аналығының  аузына  түседі.  Өздігімен 
тозаңдану кезінде тозаң бір гүлдің ішінде аталықтан аналық аузына 
түседі.
Өсімдіктің  көпшілігінде  гермафродитті  гүлдер  болғанымен, 
табиғатта  өздігінен  тозаңдану  үдерісі  жиі  кездеспейді.  Сендерге  та-
ныс  егістік  бұршақ,  жержаңғақ  және  бидай  өздігінен  тозаңданатын 
өсімдіктерге жатады. 
Айқас тозаңдану әдісі.
 Өсімдіктер тозаңдану үдерісіне бейімделді. 
Аналық тозаңының құрылысы осы өсімдік түрінің тозаңы оңай қонып 
қалатындай болып түзілген. Тозаңның өзі аналық аузында оңай ұсталу 
үшін біртегіс емес. Тозаң көп және ол тозаңданудың белгілі бір әдісі 
үшін бейімделген. Ал тозаңдану әдісі әртүрлі болады.
Желмен тозаңдану 
– жел арқылы тозаңның тасымалдану үдерісі. 
Желмен тозаңданатын өсімдіктерде құрғақ әрі жеңіл тозаң көп болады. 
Жәндіктермен тозаңдану
 – жәндіктер арқылы тозаңның тасымал-
дану үдерісі. Мұндай өсімдіктің тозаңы жәндік денесіне оңай жабысу 
үшін бұдыр, жабысқақ болады. 
Жануар арқылы кейбір тропиктік өсімдіктер тозаңданады (мысалы, 
колибри құсы арқылы).
Су арқылы су өсімдіктері – су лалагүлі, тұңғиықтар тозаңданады. Мұндай 
өсімдіктердің тозаңы суға батпай, су бетінде сырғанап жүру үшін олардың 
іші  қуысты  болады.  Күлтегінде  жүзіп  жүрген  тозаңдарды  аналық  аузына 
бағыттайтын ерекше «иірімі»  орналасады.
Қандай әдіспен тозаңданса да, тозаңдану үдерісі сәтті аяқталған соң, ұрықтану 
үдерісі жүруі керек.
Айқас  тозаң дану,  өзд³г³нен  тозаңдану,  желмен  тозаңдану, 
жәнд³ктермен тозаң дану.
128-сурет.
 
Тозаңдану түрлері
Өздігінен тозаңдану
Айқас тозаңдану
Аралар арқылы айқас 
 
тозаңдану


210
Білу және түсіну: 
1.  Тозаңдану  және  ұрықтануға  анықтама  беріңдер.  Олардың  арасында 
қандай айырмашылық бар? 
2.  Тозаңдану  және  ұрықтануға  өсімдіктің  қандай  мүшесі  қатысады? 
Олардың маңызы қандай? 
Қолдану:
 
Сурет бойынша тозаңданудың түр бөлігі туралы айтып беріңдер.   
1.  Қосжынысты және даражынысты гүлдерді салыстырыңдар. Қосжынысты 
гүлдер үнемі өздігінен тозаңдана ма? 
2.  Тозаңданудың және оның түрлерінің өсімдіктер үшін маңызын түсіндірің-
дер. 
Талдау:
1.  Қосжынысты және даражынысты гүлдер арасындағы айырмашылықтарды 
көрсетіңдер. 
2.  Тозаңдану түріне байланысты тозаң, гүл құрылысының ерекшеліктері 
және тозаңдану мерзімі арасындағы байланысты анықтап, талдаңдар. 
Синтез:
1.  «Тозаңдану типтері» деген сызба сызыңдар.
2.  Гүлдің сыртқы пішініне қарап, қандай жолмен тозаңданатынын анық-
тауға болады ма?
Бағалау:
1.  Өздігінен тозаңдануды генетикалық тұрғыда жыныссыз көбеюге теңеуге 
бола ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер. 
2.  Айқас  тозаңданатын  өсімдік  түрлерінің  көбісі  эволюциялық  тұрғыда 
едәуір прогресті жол екеніне дәлел болып табылатынын айтыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет