Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтануы



Pdf көрінісі
бет230/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтануы.
 
Оның мәні: екі жұп жыныс жасушалары бір 
мезгілде қосылады.
Гүлді  өсімдіктердің  көбею  мүшесі  – 
аналық  және  аталық.  Осы  мүшелерде  гаметалар  пісіп  жетіледі. 
Өткен  параграфтан  жыныс  жасушасында  дара-гаплоидті  хромосома 
жиыны  болатынын  білесіңдер.  Өсімдіктерді  гаплоидті  жасушалар 
аналығы мен аталығы ішінде түзіледі. Бұл гаметаның ізашары, одан 
кейін  жұмыртқа  жасушасы  мен  спермийлер  түзіледі  (129-сурет).
Спермийдің  қалыптасуы. 
Жетілген  тозаң  түйіршігі  қабықшамен 
жабылады. Онда екі жасуша бар: генеративті және вегетативті. 
Тозаңданған соң тозаңның тозаң түтігіне өсу үдерісі жалғасады. Бұл 
рөлді вегетативті жасуша атқарады. Тозаң түтігі аналық мойны ішінде 
аналық мойыннан түйінге жылжиды.
Осы  уақытта  тозаң  түтігіндегі  генеративті  жасуша  бір  рет  екіге 
бөлінеді.  Генеративті  жасуша  бөліну  нәтижесінде  екі  спермий  пайда 
болады. Олар – дара хромосома жиыны бар дайын аталық гаметалары. 
Олар қосарлы ұрықтану үдерісіне қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет