218
Тура емес дамуда (непрямой) постэмбриогенезге өткен жануарлар
ересек ағзадан қатты ерекшеленеді. Мұндай түрлер туралы «дернәсіл
сатысы» бар дейді. Әдетте мұндай түрлердің дернәсілдері ересек ағзадан
сырттай ғана айырмашылық жасамайды. Олардың қандай да бір
мүшесінің құрылысы басқаша болады және басқаша қызмет атқарады.
Олар басқа ортада тіршілік етіп, ересек «туысына» қарағанда басқа
қорекпен қоректенуі мүмкін.
Тура емес даму көптеген паразит құрттарға тән. Олардың дернәсілі
әртүрлі ие-ағза денесінде болуы мүмкін. Мысалы, бауырсорғыш ерте
даму сатысында ұлу денесінде, ал ересек құрт сиыр бауырында тіршілік
етеді (131-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: