§14. Органикалық және бейорганикалық заттар Тірі ағзалар құрамындағы заттардың екі тобы. Тірі ағзалардағы
химиялық үдерістер (процесс) мен құрамбөліктерді (компонент)
зерттейтін биохимик-ғалымдар барлық заттарды
органикалық және
бейорганикалық деп үлкен екі топқа бөледі.
Бейорганикалық зат - тар жансыз табиғатта көп мөлшерде кездеседі. Су бейорганикалық
заттардың ішінде ең маңызды зат болып табылады.
Судан басқа бейорганикалық заттарға оттек, сутек, темір және бір
химиялық элементтен тұратын басқа барлық жай заттар жатады. Со-
нымен қатар бейорганикалық заттарға тұздар (кальций фосфаты – Са-
2
РО
3
), қышқылдар (азот қышқылы – НNО
3,
фосфор қышқылы – Н
3
РО
4
және т.б.) сияқты күрделі заттар жатады.
Органикалық заттар – негізінен тірі ағзаларда түзілетін заттар.