Көмірқышқыл газы мен сутектен (судан) өсімдік тұратын нәруыздар,
майлар мен көмірсулар түзіледі. Яғни барлық өсімдік өнімдерінің
құрамында фотосинтез үдерісінде болатын көміртек бар. Жануарлар
денесі тұратын барлық нәруыздар, майлар мен көмірсулар фотосинтез
үдерісі арқылы ағзаға түседі: өсімдік немесе өсімдікпен қоректенген
жануарлар. Ғалымдар атмосферадағы көмірқышқыл газының құрамына
кіретін барлық көміртектің жануарлар ағзасында кемінде бір рет
болғанын дәлелдеді.
Біздің ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны жасыл көшеттерге
қамқорлық жасайды. Жапырақтарды жұлуға, бұтақтарды сындыруға,
шөптер мен гүлдерді жұлуға әрі таптауға болмайды. Фотосинтез
1
2
3
4
5
6
1 – қазтамақ бөлме
өсімдігі;
2 – көлденеңінен кесілген
жапырақтың жұмсақ хло-
рофилл дәні;
3 – бірнеше мыңға
ұлғайтылған хлорофилл
дәнінің кескіні;
4 – күн көзіндегі жасыл
жапырақ;
5 – тәжірибе үшін
жапырақтың бір бөлігі
қара қағазбен жабылған;
6 – жапырақ түгелімен
қара қағазбен жабылған.
50-сурет