§18. Ағзадағы заттардың тасымалдануы Жануарлар ағзасындағы тасымал. Көпжасушалы ағзалар жасу-
шаларында дененің әртүрлі бөліктері, ұлпалар мен мүшелер түрлі
қызмет атқарады. Ал жасушалардың қажетсінуі бірдей. Барлық тірі
жасушаларға жалпы ағзаларға сияқты су, қорек (нәруыздар, майлар,
көмірсулар), оттек, минералды бейорганикалық заттар мен олардың
құрамына кіретін элементтер қажет. Барлық жасушалар, мүшелер
мен ағзалар тіршілік әрекеті үдерісінде түзілетін зиянды заттардан
арылғысы келеді.
51-сурет.