82
ериді. Жасушаларда түзілетін және қанға түсетін зиянды заттардың
көпшілігі (көмірқышқыл газынан басқа) бүйрек арқылы зәрмен және
тері арқылы термен бірге шығарылады. Бөліп шығаруда бүйрек негізгі
рөл атқарады. Бүйрек қанды тазалайтын қуатты биологиялық сүзгі бо-
лып табылады. Егер зиянды заттар адам ағзасында қалып қойса, ағза
бір сағаттай уақыт ішінде өздігінен уланар еді.
Тері қосымша сүзгі қызметін атқарады. Ағзадағы барлық химиялық
үдерістер жылдамдаған кезде оның рөлі артады. Бұл ыстық кезде
және физикалық жүктеме кезінде жүзеге асады. Осындай жағдайда
адам қарқынды терлейді. Көмірқышқыл газының өкпе арқылы
шығарылатынын білесіңдер.
Жануар және өсімдік ағзаларының зиянды заттардан қалай арыла-
тынын 9-бөлімнен білетін боласыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: