Тамырдың орталық цилиндрі. Сендер өткізу аймағына өткізгіш
ұлпалар жауапты екенін білесіңдер. Олар тамырдың ортасында
орналасқан. Өткізу аймағына түсу үшін су сору аймағынан өткізгіш
ұлпаларға енуі керек. Сондықтан аймақтар арасында айқын шекара
жоқ. Энтодерма жасушаларының қабатынан кейін – тамырдың бірінші
реттік қабығы аяқталады да, ішкі бөлігі – орталық цилиндр басталады.
Онда түзуші ұлпа түрі мен екі өткізгіш ұлпа түрі: к
силема мен
флоэма
болады.
Су өткізгіш
ксилема , орталықта «жұлдызша» түзетін және
органикалық зат түзетін
флоэма – «жұлдызша» сәулелері арасында
орналасқан ксилема шетіне жақын орналасқан. Тамыр сіңірген судың
жылжу сызбасын жалпы былай көрсетуге болады: