133
Өсімдіктердің жарықтың өзгеретін жағдайына бейімделуі
жапырақтың ерекше орналасуынан және жапырақтың ішкі
құрылысының өзгеруінен байқалады.
Тәулік бойы жарықтың өзгеруіне өсімдіктердің әсері туралы келесі
сабақтарда қарастырамыз.
Тропизм, фототропизм, жағымды тропизм, жағымсыз тропизм,
гелиотропизм, геотропизм, таксис, экологиялық топтар.
Білу және түсіну:
1. Өсімдіктерге тән қозғалу типін атаңдар.
2. Оқулықтан өсімдіктердегі қозғалу және тітіркендіргіш арасындағы бай-
ланысты сипаттайтын ақпаратты тауып, түсіндіріңдер.
Қолдану:
1. Өсімдіктердің қозғалуына қандай абиотикалық факторлар әсер етеді?
Гео-, фото- және гелиотропизм деген не екенін түсіндіріңдер. Олар қандай
мүшелерге тән?
2. Өсімдіктерге оң және теріс тропизмнің қажет екенін көрсететін мысалдар
келтіріңдер.
Талдау:
1. Өсімдіктер мен жануарлардың қозғалуын салыстырыңдар.
2. Тамырдың төмен, ал жапырақтың Күнге қарай өсу себебін түсіндіріңдер.
Күнбағыс гүлшоғырының Күнге бағытталып өсу себебін талқылаңдар.
Синтез:
1. Өсімдік ағзасына фактордың әсер ету бағыты белгілі болса, өсімдіктің
қалай қарай өсетінін болжаңдар.
2. Таксисті, оң және теріс тропизмді, өсімдіктің енжар қозғалысын көрсетіп,
сызба сызыңдар.
Бағалау:
1. «Қозғалу» деген сөзді өсімдіктерге қатысты қолдануға бола ма?
Жауаптарыңды негіздеңдер.
2. Қозғалуды тірі ағзалар үшін биологиялық қажеттілік ретінде бағалаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: