138
Омыртқалылардың қозғалу
мүшелері.
Жалпы барлық омырт-
қалылардың тірек-қимыл жүйесі
ұқсас. Бұл ішкі қаңқа – сүйектер
мен оларға бекитін бұлшық еттер.
Бұлшық ет жиырылып, сүйекті өзіне
тартады. Дененің белгілі бір бөлігі
осылай жылжиды.
Омыртқалыларда қозғалу мүше-
лері тіршілік ортасына тәуелді.
Балықтарда қозғалу мүшесі –
жүзбеқанаттары. Құрлықта тіршілік
ететіндердің қозғалу мүшесі – екі
немесе төрт аяғы, ал жылан денесін
ирелеңдетіп жылжуға бейімделген.
Ауада қалықтауға мүмкіндік беретін
мүше – қанат құстарға тән (89-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: