§34. Жануарағзаларының қозғалысы Біржасушалылардың қозғалу мүшелері. Біржасушалы жануарлар
ағзалары суқоймаларда, ылғал жерлерде немесе басқа тірі ағзалар
ішінде тіршілік етеді. Олардың басым бөлігінің қозғалу мүшесіне
талшықтар (жгутики) жатады. Қоршаған сұйықтықта бұрама (винт)
сияқты бұралған талшықтар дененің – жануардың жалғыз жасушасын
алға қозғалтады. Қозғалғыш бактериялардың қозғалу мүшесі – немесе
көптеген талшықтар. Эукариоттарда көбіне се бір не екі, кейде одан көп,
мысалы, 8 талшық болады (88-сурет).
Қарапайымдардың тағы бір қозғалу мүшесі не
кірпікшелер жатады.
Олар құрылысы талшық тарға өте ұқсас, бірақ едәуір қысқа әрі көп бо-
лады.
Біржасушалылардың үшінші әрі соңғы қоз ға лу тәсіліне
жалған аяқтары жатады. Бұл уақытша өскіндері – дененің кез келген бөлігінде
түзілетін жасуша цитоплазмасының томпаюы.