165
105-сурет.
Баларалардың
кәрездерi
ды, шағылысады, аналығы жұмыртқа са-
лып, оны басады, ал аталығы аналығына
немесе жұмыртқасына (құстың түріне
байланысты) қамқор болады. Егер ұя
жерде болса, аналығы инстинкті түрде
айналасындағы кез келген затты жинап
алып, басатыны анықталған.
Жануар неғұрлым жоғары құрылымды
болса, оның мінез-құлық шартсыз реф-
лекстері соғұрлым аз бақыланады.
Омырт қасыздарда (басаяқты ұлулардан
басқа) инстинкті мінез-құлық жетекші
рөл атқарады. Аралар мен құмырсқалар сияқты жоғары құрылымды
жануарлар да.
Геометриялық тұрғыда дұрыс кәрез жасау кейбір зерттеушілерді араларды
«ақылды» деп ойлауға жетеледі. Бірақ тәжірибе жүзінде жарғаққанаттылардың
барлық күрделі мінез-құлқы саналы іс-әрекеттің нәтижесі емес, өзара бай-
ланысты рефлекстер мен инстинкттер тізбегі екені дәлелденді. Жабайы
араларға жасалған тәжірибеде зерттеушілер кәрезді тескен. Әкелінген қорек
қоры үнемі ағып кеткен. Кішкентай кәрез астында тәтті жайылма түзілген.
Ал аналығы осының бәрін көрсе де қорек әкелуін жалғастырып, дернәсіл са-
луды бастамаған. Инстинкт мәні мынадай: алдымен ол толған кәрезді көріп,
содан кейін дернәсіл салып, кәрезді желімдейді. Жәндіктерде мінез-құлық
бағдарламасы саналы іс-әрекет емес екенінің дәлелі – келешек ұрпаққа
тәжірибесі берілмейді. Мысалы, аралар ұя салады, дернәсіл салады, қорекпен
қамтамасыз етеді, содан кейін өз тіршіліктерін жояды. Шыққан дернәсілдер
ешқашан ата-анасын көрмейді; олар ересек түрге айналғанда сол әрекетті
дәлме-дәл қайталайды. Бұл аралар тіршілікке бейімделе алмайды деген сөз
емес. Оларда шартты рефлекстерді қалыптастыруға болады.
Иірімі бар ми қыртыстары дамыған сүтқоректі жануарларда ғана
генетикалық тұрғыда негізі қаланған мінез-құлық екінші дәрежелі рөл
атқарады.
Шартсыз рефлекстерді тежеу едәуір күшті тітіркендіргіш пайда
болған жағдайда жүреді. Мысалы, егер тамақ ішіп жатқан иттің қасында
атылған оқтың дауысы шықса сілекей бөлу рефлексі тоқтайды. Қатты
дыбыс үлкен ми сыңарының қыртысында едәуір күшті қозу ошағы –
жүйке импульсі жасалады. Рефлекс доғасы бойынша шартсыз сілекей
бөлу рефлексінің импульс беруі тоқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: