Шартты рефлекстің тежелуін шартты тітіркендіргіш деп атау
қабылданған. Оның механизмінің мәні: белгілі бір уақыттан кейін шарт-
ты және шартсыз рефлекстердің орталығы бірге қозуын тоқтатады. Осы
орталықтардың арасында байланыс жоғалатын сияқты. Егер сілекей
бөлінсе, тамақ рецепторға әсер етпейді: дәм сезу, иіс сезу, көру, сілекей
бөлу рефлекстері бекітілмейді. Осы жол арқылы жүйке импульсінің
өтуі уақыт өте келе тоқтайды.
Шартты рефлекстің сөнуінің не тежелуінің зор маңызы бар. Ол
ағзаға қажет болмай қалған дағдыдан арылуға мүмкіндік береді. Шарт-
ты рефлекстің қалыптасуы да, олардың тежелуі де бейімделу сипатына
ие және ағзалардың тірі қалуына себеп болады.
Инстинкт, генетикалық тұрғыда негізі қаланған мінез-құлық, шартты тежелу.