Өсімдіктердегі вегетативті көбею. Бұған жоғары сатыдағы өсімдік-
терге тән қалемше, сұлатпа бұтақ, тамыршалар, жапырақтар немесе
«мұртшалары» арқылы көбею жатады.
Қалемше арқылы көбею – сабақ (өркен) бөліктері – бүршіктері бар бұтақ
кесінділері арқылы вегетативті көбею әдісі. Бұл әдіс арқылы ағаштардан
терек, тал, ал бұталардан қарақат, қарлыған, жүзім, сәндік өсімдіктерден
раушангүл көбейеді. Қалемше арқылы көбейетін барлық өсімдіктерді сабақ
сұлатпа бұтақтары арқылы да көбейтуге болады. Бұл әдіс көбінесе қалемше
арқылы нашар немесе мүлде көбеймейтін дақыл үшін қолданылады.
Сұлатпа бұтақ алу үшін бұтағын жерге қарай көміп қояды. Топырақтағы сабақ
бөлігінде бүршікпен қосалқы тамырлары түзіледі. Бұл қалыптасқан дайын
сұлатпа бұтақ болады. Оны енді бастапқы өсімдіктен бөліп алып, көшіріп
отырғызуға болады.