Білу және түсіну: 1. Жасушалардың және ағзалардың көбеюінің екі типінің ерекшеліктерін
сипаттаңдар.
2. «Митоз», «мейоз», «жасуша циклі», «интерфаза» деген түсініктерге
анықтама беріңдер.
Қолдану: 1. Жасушалардың бөліну әдістерін мынадай белгілер бойынша
салыстырыңдар: қандай жасушалар бөлінеді, қанша жас жасушалар
түзіледі, олардағы хромосома саны, жасушалардың бұл бөліну типі
қандай көбею әдісін қамтамасыз етеді?
2. Зигота және ондағы хромосома жиыны дегеніміз не?
Талдау: 1. Жынысты және жыныссыз көбею, митоз бен мейоз, дара және қосарлы
хромосома жиыны, гамета және зигота қалай өзара байланысты? Бұл
түсініктерді сызба түрінде салыстырыңдар.
2. Митоз және мейоз үдерістерін талқылаңдар. Ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын табыңдар. Кесте түрінде сызыңдар.
Синтез: 1. Жануар бауырының жасушасында 68 хромосома бар. Бұл дара хромосома
жиыны ма әлде қосарлы хромосома жиыны ма?
2. Мынадай жағдайларда: а) бөліну алдында жасушада; ә) митоздан кейін
жасушада; б) мейоздан кейін жасушада; в) ұрық жасушасында; г) гаме-
тада; ғ) зиготада жоғарыда айтылған ағза жасушаларында қанша ДНҚ
молекуласы болатынын анықтаңдар.
Бағалау:
Тірі ағзалар үшін көбеюдің, мейоз бен митоздың биологиялық маңызын
түсіндіріңдер.