Жәндіктердің көбею және даму ерекшеліктері. Даму типтері бо-
йынша барлық жәндіктерді үлкен 2 топқа бөледі:
1) толық түрленіп дамитын жәндіктер (толық метаморфоз) – қоңыз,
көбелек, шыбын, маса, ара т.б.;
2) шала түрленіп дамитын жәндіктер (толық емес метаморфоз) –
дәуіт, шегіртке, тарақан, бит т.б.
Шала түрленіп даму тура дамуға ұқсайды, 3 даму сатысынан тұрады;
жұмыртқа – дернәсіл – ересек жәндік (имаго) (132-сурет). Бұл жағдайда
жұмыртқадан шыққан жәндіктер ересек жануарларға ұқсайды. Оларда
әдетте қанаттары мен мұртшалары дамымаған, жыныс мүшелері мүлде
қалыптаспаған.