1. Эмбриогенез жасушаның қарқынды көбеюімен сипатталады.
Бірнеше рет бөлінген кезде ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан
көпжасушалы ұрық қалыптасады. Ол ұрық тамыршасынан, сабағы
мен бүршігінен тұрады. Ұрықтанған орталық жасушаның бөлінуі
эндоспермнің қалыптасуына апарады. Эмбриогенез ұрықтың өсуімен
аяқталады.
2.
Постэмбриогенездің бірінші сатысына тұқым ұрығының өсу
үдерісінен және оның жеке ағзаға айналу үдерісінен тұрады. Өскін
тұқымда жиналған заттар есебінен емес, өз бетімен қоректене бастағанда
бұл саты аяқталған болып есептеледі.
Басқа зерттеушілердің пікірі бойынша бұл сатыны жеке бөлек
қарастыруға болмайды. Бұл жағдайда оны келесі сатымен жас өсімдік
кезеңіне біріктіреді.
3.
Өсу және
жас өсімдік сатысы , генеративтіге дейінгі саты
– өсімдіктің бірінші гүлдеудің бастамасына дейінгі кезең. Бұл
саты генеративті мүшелердің; гүлді өсімдіктерде гүлдің немесе
қылқанжапырақтыларда бүрдің түзілуімен аяқталады.
4.
Ересек өсімдік немесе пісіп-жетілу және генеративті сатысы. Бұл
жынысты көбею фазасы. Ол бірнеше тозаңданумен және ұрықтанудан
басталады да, соңғы өніммен – соңғы тұқымның қалыптасуымен (гүлді
өсімдіктерде жемістің) аяқталады.
5.
Қартаю сатысы өсімдік гүлдерін және тұқым мен жеміс түзуін
тоқтатқанда басталады. Мұндай өсімдіктерде жасушаның өсуі қатты
баяулайды. Өсімдік ағзалары бүкіл тіршілігінде өседі. Өсімдіктерде
тіршіліктің соңғы сатысында тіршілік жоятын жасушалар саны түзіліп
жатқан жас жасушалар соншалық асып кетеді. Осылай біртіндеп ұлпалар
мен мүшелер тозады, жарамай қалады және қызметін тоқтатады.
133-сурет .