Білу және түсіну: 1. Тамыр қандай қызмет атқарады?
2. Тамыр қандай аймақтардан тұрады?
Қолдану: 1. Тамыр аймақтарының атаулары, олардың қызметі мен құрылысының
ерекшеліктері берілген кестені толтырыңдар.
2. Өсу аймағында жасушалар қалай маманданады? Өз ойларыңды айтыңдар.
Талдау: 1. Микроскоп арқылы тамырдың бөліну аймағын талдаңдар. Оның қандай
ұлпа жасушаларынан тұратынын, қалай орналасқанын талқылаңдар.
2. Сору аймағындағы тамыр түктерін зерттеңдер. Олардың қызметі, мөлшері
және өлшемі туралы айтыңдар.
Синтез: 1. «Тамырдың қызметі мен құрылысының өзара байланысы» деген
тақырыпқа эссе жазыңдар.
2. «Тамырдың маңызды қызметі – дәлелдеу – «топырақтан заттарды
сіңіру»; терістеу – «заттарды сабаққа тасымалдау» деген дебатқа кейс
даярлаңдар.
Бағалау: 1. Тамырдың әрбір аймағының рөлін дәлелдейтін эксперимент ұсыныңдар.
2. Тамыр жасушаларынан сабақ жасушаларына заттар қандай құрылымдар
арқылы тасымалданатынына баға беріңдер.