§20. Тамыр аймақтары Тамыр – топырақтан заттарды сіңіру
мүшесі. Ол үшін тамырдың құрылысы
бейімделген.
Тамырдың ішкі құрылысын көлденең әрі
бойлық кесіндісінен қарастыруға болады.
Олар орналасқан ұлпалары мен элементтері
бойынша ерекшеленеді. Бұл параграфта
төменнен жоғары қарай орналасқан тамыр
аймақтарын, яғни оның бойлық кесіндісінен
құрылысын қарастырамыз (57-сурет).
Тамыр аймақтары. Егер тамырды
көлденеңінен кессе, онда сабаққа едәуір
жақын тамыр бөлігі –
өткізу аймағы ,
одан кейін
сору аймағы , оның астында
өсу аймағы , одан тереңде ерекше түзілім
–
тамыр оймақшасы жауып тұратын
бөліну аймағы бар. Сонымен тамырдың
бойлық кесіндісінен төрт аймақ пен тамыр
оймақшасын көруге болады.
Тамыр оймақшасы қорғаныш қызметін
атқаратын жабын ұлпасынан түзіледі.
Тамыр оймақшасының сыртқы жасушала-
ры өлі жасушалар. Олардың арасындағы
жасушааралық кеңістік шырышқа толы.
Сондықтан топырақта тас т.б. сияқты қатты
заттар кездессе тамыр оймақшасының өлі жа-
сушалары «түлейді», яғни қабыршықтанып
түсіп отырады. Ал жасушааралық кеңістіктен
бөлінетін шырыш тамырдың сырғуына және
кедергіден зақымдалмай айналып өтуіне
мүмкіндік береді.
Тамыр оймақшасының ішінде тірі жасу-
шалар болады. Микроскоп арқылы олардың
крахмалдың ірі түйіршіктері жинақталған
лейкопластарға бай екені көрінеді.
Бөліну аймағы түзуші ұлпа жасушала-
рынан тұрады. Бұл жасушалар үнемі тез
көбейеді. Олардың көп бөлігі өсу аймағына,
58-сурет.