Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет112/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Тест сұрақтары
1. Бөліп шығаруда негізгі рөл атқаратын мүше
а) Бүйрек
ә) Ми
б) Жұлын
в) Ұйқыбез
г) Жүрек
2. Биологиялық сүзгі қызметін атқаратын мүше
а) Жүрек
ә) Бүйрек
б) Ми
в) Бауыр
г) Өкпе
3. Сабақтың ең сыртқы қабаты
а) Қабық
ә) Сүрек
б) Өзек
в) Камбий
г) Сору аймағы
4. Сабақтың түзуші ұлпа қабаты
а) Қабық
ә) Тоз
б) Тін
в) Өзек
г) Камбий
5. Сабақтың ең қалың, ең қуатты қабаты
а) Тін
ә) Өзек
б) Камбий
в) Сүрек
г) Қабық


100
6. Ағаш сабағының негізгі қор жинаушы бөлімі
а) Тоз
ә) Камбий
б) Өзек
в) Сүрек
г) Қабық
7. Тамыр түкшелері орналасқан аймақ
а) Сору
ә) Бөліну
б) Өсу
в) Өткізу
г) Тамыр оймақшасы
8. Эпиблема орналасады
а) Өсу аймағында
ә) Бөліну аймағында
б) Сору аймағында
в) тамыр оймақшасында
г) Өткізу аймағында
9. Өсімдіктің жуандап өсуін қамтамасыз етеді
а) Төбе бүршік
ә) Камбий
б) Сүрек
в) Өзек
г) Қабық
10. Сегізаяқтың жүрегі тұрады
а) Екі жүрекше, бір қарыншадан
ә) Құрсақ қолқа тамырынан
б) Бір жүрекше, екі қарыншадан
в) Арқа және желбезек тамырларынан
г) Екі жүрекше, екі қарыншадан


101
7-сызба
ТЫНЫС АЛУ
ТАМАҚ  (нәруыздар,  майлар  және  көмірсулар)  +  ОТТЕК  =  Тіршілік  үшін  қажет 
ЭНЕРГИЯ қозғалыс және т.б.
Көмірқышқыл газ
Жылу 
(жылу энергиясы)
СУ
8-бөлім. 
ТЫНЫС АЛУ
§24. Тыныс алудың маңызы мен типтері
Тыныс алудың ағза үшін маңызы. 
Өсімдік және жануар ағзалары 
энергияны  қайдан  алатынын  білесіңдер. Энергия  болмаған  жағдайда 
нәруыздар, майлар, көмірсулар синтезделмейді. Осы заттар бұзылған 
кезде энергия бөлінеді және оны пайдалануға болады. 
Алынатын энергия мөлшері калориямен немесе джоульмен өлшенеді. 
1 г көмірсу, нәруыз және май ыдыраған кезде қанша энергия бөлінетінін 
еске түсіріңдер. Қалтаға салынған (қапталған) тамақ өнімдерінің грамы 
мен энергиясы килокалориямен не килоджоульмен көрсетіледі.
Біз не үшін тыныс аламыз? Энергия алу және тыныс үдерісі қалай 
байланысты?  Оттек  әсерінен  органикалық  заттар  қарапайым  (жай) 
құрамбөліктерге (компонент): көмірқышқыл газы, су, кейде басқа да 
қосылыстарға  ыдырайды.  Органикалық  заттар  ыдыраған  кезде  тірі 
ағзалар пайдаланатын энергия бөлінеді. Яғни тірі ағзалар энергия алу 
үшін тыныс алады. Тыныс алу үдерісін сызба түрінде былай көрсетуге 
болады:
Тамақ (нәруыздар, майлар, көмірсулар) + оттек 

 көмірқышқыл 
газы 

 мен су + энергия.
Тыныс  алмай  нәруыздардан,  майлар  мен  көмірсулардан  тірі  ағза 
энергия алуы мүмкін емес. 
Жануарлардың  қоректенген  азықтан  органикалық  зат  алатынын 
білесіңдер. Қоректік заттардың аздаған бөлігінен жануарлар өз денесін 
құрады: өседі, жаңартылады (шаш пен тырнақ (тұяқ) өседі, көбейеді 


102
(ұрық заттарын түзеді). Қоректік заттың көп бөлігінен тыныс алу ба-
рысында энергия алады. Бұл энергия қозғалуға, өзіне қажет заттар-
ды  синтездеуге  т.б.  үдерістерге  жұмсалады.  Өмір  бойы  қанша  тамақ 
жейтінімізді  ойланыңдар.  Егер  заттар  ыдырап,  энергия  бермесе,  біз 
жеген тамақ салмағын өзімізге қосып алған болар едік. 
Өсімдіктер  фотосинтез  барысында    жарық  энергиясын  пайдала-
нып, нәруыздар, майлар, көмірсуларды өздері жасайды. Жинақталған 
органикалық заттардың бір бөлігінен өсімдіктер өз денесін – жапырақ, 
сабақ,  тамыр  жасушаларын  түзеді,  олардың  көбеюі  мен  өсуін 
қамтамасыз етеді. Фотосинтез кезінде түзілген заттардың басқа бөлігі 
энергияға  жұмсалады.  Өсімдіктер  жануарлар  сияқты  тыныс  алады, 
сөйтіп  оттек  көмегімен  жасалған  заттарды  бұзып,  олардан  тіршілік 
үшін қажет энергия алады. Өсімдіктер тыныс алғанға қарағанда едәуір 
67-сурет.
 Фотосинтездiң сызбасы
ЖАСЫЛ   ЗЕРТÕАНА
Күн 
жарығы
Көмiрқышқыл 
газ
Су
Өсiмдiк 
жасушасын-
дағы қант 
пен крах
-
мал
Жасушадағы 
өзгерiс
Тiршiлiкке 
арналған 
энергия
Бос 
оттегi
Ауаға қайтадан 
бөлiнетiн 
көмiрқышқыл 
газ


103
белсенді фотосинтездейді. Сондықтан барлық жануарларға фотосинтез 
барысында түзілетін оттек те, өсімдіктер артығымен түзетін қоректік 
заттар да жетеді. Себебі өсімдіктер өз денелерін қозғалту үшін және 
жүйке жүйесінің жұмысына энергия жұмсамайды. Сонымен қатар олар 
үнемі Күннен энергия алады. 
Тыныс алу типтері.
 
Тыныс
 – оттек қатысатын күрделі химиялық 
үдеріс.  Бірақ  біздің  ғаламшарымызда  оттек  тек  фотосинтез  арқылы 
пайда болды. Сонда оттек түзілгенше пайда болған алғашқы тірі ағзалар 
қалай тыныс алды? Алғашқы тірі ағзалар оттексіз қоректік заттарды 
бұзған екен. Осы кезде энергия бөлінген. Бірақ мұндай әдістің тиімділігі 
шамалы. Ғалымдардың есептеуі бойынша 5%-дан аз. Энергия алу үшін 
қоректік  заттардың  оттексіз  ыдырау  үдерісі 
анаэробты  тыныс
 
алу
 
деп аталады. Мұндай үдеріс қазіргі кезде де міндетті түрде барлық тірі 
жасушаларда оттек түспей тұрып жүреді.
Анаэроб ағзалар
 – оттексіз тіршілік ете алатын тіршілік иелері. 
Олар оттексіз қарапайым тәсіл арқылы қоректік заттардан энергия алуға 
қабілетті. Анаэроб ағзаларға қандай ағзалар жатады? Бірінші фотосин-
тез пайда болғанша тіршілік еткен және қазіргі кезге дейін сақталған 
ежелгі бактериялар жатады. Бұлар – шіріту, ашыту бактериялар және 
т.б. Бактериялардың өлшемі – микроскопиялық, оларға үлкен денені 
құру үшін энергия жұмсаудың қажеті жоқ. Олар бір жасушадан тұрады 
және жануар ағзасында көп энергия жұмсалатын миы да, бұлшық еті 
де жоқ.
Анаэроб  ағзаларға  зең  саңырауқұлағы  мен  ашытқылар  жатады. 
Бірақ  зең  қимылдамайды,  ал  ашытқылар  –  қозғалмағанымен  қоса  
біржасушалы. 
Сонымен қатар анаэробтағы кейбір паразиттерге (ішекқұрттар) не-
месе басқа жануарлардың  асқазанында немесе ішегінде тіршілік ететін 
пайдалы ағзалар жатады. Асқазан мен ішекте де оттек жоқ. Бірақ бұл 
ағзаларға да оттек қажет емес. Олар қозғалатын болса да, қозғалуға 
энергия  жұмсамайды.  Оларға  қорек  іздеудің  және  қоршаған  орта 
өзгерістеріне әсер көрсетудің (қарау, есту т.б.) қажеті жоқ. Олар айнала-
сында ішекте не асқазандағы тамақпен қоректенеді. Ал   тамақты іздеуге 
және ұстап алуға энергияны қожайын-ағза   жұмсайды. Сондықтан олар 
анаэробты бола алады. 
Аэроб ағзалар
 – оттекпен тыныс алатын және оттексіз тіршілік ете 
алмайтын тіршілік иелері. Оларға – барлық өсімдіктер, омыртқалы жа-
нуарлар, көптеген омыртқасыз жануарлар және көптеген бактериялар 
жатады. Оттексіз үдеріске қарағанда оттек пайдаланып, энергия алу 
үдерісі шамамен 17 есе тиімді. 


104
Ағза неғұрлым күрделі әрі жетілген сайын, соғұрлым көп энергия 
жұмсайды. Осыған байланысты жылықанды жануарлар мен құстарда 
тыныс алу олар тіпті қысқы ұйқыға кетсе де тоқтамайды. 
Тыныс алу, энергия алу үш³н, анаэробты  тыныс алу, аэробтар.
Білу және түсіну::
1.  Тыныс алу дегеніміз не?  
2.  Тыныс алудың қандай екі типі бар?  
3.  Аэробтардың анаэробтардан қандай айырмашылықтары бар?
Қолдану::
1.  Жануар ағзасы үшін энергияның маңызы туралы айтыңдар. Оны қайдан 
алады және не үшін пайдаланады? 
2.  Өсімдік ағзасы үшін энергияның маңызы туралы айтыңдар. Оны қайдан 
алады және не үшін пайдаланады? 
Талдау::
1.  Тыныс алу үдерісін сызба түрінде бейнелеңдер және ол арқылы түсін-
діріңдер. 
2.  Өсімдік энергияны қайдан алатынын және не үшін қолданатынын сызба 
түрінде бейнелеп, түсіндіріңдер. 
3.  Жануар энергияны қайдан алатынын және не үшін қолданатынын сызба 
түрінде бейнелеп, түсіндіріңдер. 
Синтез:
1.  Аэробты  және  анаэробты  тыныс  алу  үдерістерін  салыстырып,  кесте 
құрастырыңдар.  Қашан пайда болды, энергетикалық тиімділігі, оттек 
қажеттілігі, ағза мысалдары. 
2.  Анаэробты ағза ерекшеліктерін атаңдар.
Бағалау:
1.  Тыныс алу үдерісінің маңызы мен қажеттілігіне баға беріңдер. Тыныс 
алусыз тіршілік етуге болатынына дәлелдер келтіріңдер. 
2.  Ағзаны  энергиямен  қамтамасыз  етуге  байланысты  үдерістер  мен  ты-
ныс алу үдерістерінің байланысы қандай? 1 г нәруыздар, майлар мен 
көмірсулар ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді?   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет