Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


§25. Өсімдіктердегі тыныс алу



Pdf көрінісі
бет113/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

§25. Өсімдіктердегі тыныс алу  
  
Өсімдіктердің  тыныс  алу  ерекшеліктері.
  Өсімдіктер  жануарлар 
сияқты оттексіз тіршілігін жояды. Бірақ олар жануарларға қарағанда 
оттексіз ұзағырақ тіршілік етуге қабілетті. Бұл өсімдік ағзасының аз 
энергия  жұмсауына  байланысты.  Жануарларға  тән  ең  көп  энергия 
жұмсалатын үдерістер өсімдіктерде болмайды. Өсімдіктер жылжымайды. 


105
Табиғи  жағдайда  өсімдік  ағзасы  жа-
сушаларын оттектен айыру өте қиын. Су 
және  жарық  болса,  өсімдік  фотосинтез 
үдерісінде  оттекті  синтездеп  үлгереді, 
ол  тыныс  алу  үшін  артығымен  жетеді. 
Топырақтағы тамыр жасушаларына да от-
тек керек. Топырақ кеуек құрылымға ие, 
сондықтан тамыр жасушалары тыныс ала-
ды. Сонымен қатар көптеген өсімдіктерде 
тамырында оттекті қорға жинайтын ұлпа 
түзіледі.  Батпақта  өсетін  өсімдікте  «ауа 
тамырлары»  түзіледі.  Олар  топырақтың 
беткі  жағына  көтеріледі.  Себебі:  батпақ 
топырағында шынында ауа мен оттек аз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет