§13. Су және элементтер, олардың тірі организмдер үшін маңызы Õимиялық заттар мен элементтер туралы түсінік. Табиғаттағы барлық тірі және өлі дене-
лер химиялық заттардан тұрады. Химиялық зат-
тар химиялық элементтердің молекулаларынан
тұрады. Ғалымдарға белгілі барлық химиялық
элементтер Д.И. Менделеевтің
Периодтық жүйесіне енгізілген. Химия курсында сендер осы
элементтердің қасиеттерімен және ерекшеліктерімен
танысасыңдар. Бізге қазір тірі ағзалар үшін негізгі
заттар мен элементтердің маңызы қандай екенін
анықтап алу керек.